Мақтарал ауданында 360 үй салынып бітті

Қысқаша

Түркістан облысы Мақтаарал ауданында топан судан зардап шеккен елдімекендерді қалпын

14.jpg

Түркістан облысы Мақтаарал ауданында топан судан зардап шеккен елдімекендерді қалпына келтіру мақсатында 895 үй қайта салынуда. Қазіргі таңда 360-қа жуық үйдің құрылыс жұмыстары толығымен аяқталған. Қалған баспаналардың қабырғалары қаланып, шатыры жабылуда. Облыс әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев ауданға арнайы іс-сапармен барып, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.

– Жалпы ауданда салынып жатқан 895 үйдің 195-сі Өргебас, 314-і Фирдауси ауылдарында, 386-сы Мырзакент кентінде бой көтеруде. Бүгінде Өргебаста 44, Фирдауси елдімекенінде 88, Мырзакент кентінде 227 тұрғын үй құрылысы аяқталып отыр. Жоспар бойынша барлық үйлер қазан айының соңына дейін толығымен салынып бітуі керек. Облыс әкімі Өмірзақ Естайұлының тікелей қадағалауында тұрған бұл жұмыстар бүгінде қарқынды түрде жүргізілуде, – деді М.Иябайұлы.

Өргебас және Фирдауси ауылдарының тұрғындары баспаналарын мемлекеттің қолдауымен өздері салып жатыр. Үйдің құрылыс жұмыстарына кететін қаржат 3 кезең бойынша берілуде. Тиісті төлемақысын уақтыылы алып, жаңа үйге кірген азаматшаның бірі Гүлсара Ештаева.

–  Міне, өздеріңіз көріп отырғандай су жаңа үйге ие болып, қуанып отырмыз. Мемлекет тарапынан, қоғамдық қорлардан және халықтан көптеген түрлі көмектер берілді. Мәселен, әрбір отбасыға 1 мың АҚШ долларын, әрбір отбасы мүшесіне 100 мың теңгеден алдық. Үйдің құрылысына кеткен қаржы да түгелдей өтемақы ретінде берілді. Одан бөлек, кейбір құрылыс материалдарын да тегін жеткізіп берді. Осындай қиын-қыстау кезеңге түскенде барынша қолдау көрсеткен Президентімізге, облыс әкіміне алғыстан басқа айтарымыз жоқ, – деді Өргебас ауылының тұрғыны.

Ал, Мырзакент кентіндегі бірдей үлгіде салынып жатқан 386 үйдің 196-сы Үкіметтік резервінен, 190-ы қоғамдық қорлардың есебінен жүргізілуде. Сондай-ақ, жаңадан құрылған мөлтекауданда мектеп, балабақша, медициналық амбулатория және полиция пунктінің салынуда.