Түркістан облысында таратылған ресми мәлімет бойынша соңғы екі тәулікте бірде бір каронавирус инфекциясын жұқтырған жағдай тіркелмеді. Ал, бір тәулік ішінде 944 азаматтан коронавирус инфекциясын анықтайын сынама алынды. Тапсырылған барлық тест теріс нәтиже көрсетіп, ешбір азаматтан ауру анықталмады.
Қазіргі таңда облыстағы емдеу мекемелеріндегі инфекциялық стационарларда не бәрі 31 науқас covid-19 індетінен сауығу мақсатында ем қабылдап жатыр. Жалпы, ауруханалардағы жұқпалы ауруларға шалдыққан науқастарға арналған 600 төсек орынның 484-і бүгінде бос тұр. Пневмония және тұмаумен 85 адамға ем көрсетілуде. Науқастардың жағдайы қанағаттанарлық.
Түркістан облыстық Қоғамдық денсаулық басқармасының мәліметінше, облыс бойынша Сovid-19 инфекциясын жұқтырған 3322 жағдай тіркелген. Оның ішінде 3168 науқас медицина қызметкерлерінің көмегімен сауығып шықты. Жалпы, күні бүгінге дейін өңірде 130061 азаматтан коронавирус инфекциясына қатысты зертханалық полимеразды тізбекті реакциясына сынама қабылданған.
Түркістан облысы әкімінің тапсырмасымен бүгінде өңірде күн суи басталуы мүмкін деп болжанған пандемияның еекінші кезеңіне дайындық жұмыстары жүргізілуде. Қосымша төсек орындар мен дәрі-дәрмек қоры жасақталуда.