Түлкібас ауданында кәсіпкерлер мемлекттік қолдаумен мал бордақылауда

Қысқаша

Түлкібас ауданында «Ырыс» микро қаржы ұйымынан төмен пайызды несие алып, кәсібін көрке

126.jpg

Түлкібас ауданында «Ырыс» микро қаржы ұйымынан төмен пайызды несие алып, кәсібін көркейткендер қатары артып келеді. Соның бірі – Машат ауылының тұрғыны Әбдірасыл Медетов үй іргелік қорасында қазіргі таңда жылқы басын 100-ге дейін жеткізіп, бордақылау кәсібін өрістеткен. 

Кәсіпкерге о баста мемлекеттік қолдау аясындағы «Ырыс» микро қаржы ұйымынан алған 6 млн. теңге несиесі қаржылай демеу болған. Қаражатқа ол 20 бас жылқы сатып алып, мал бордақылаумен кәсіби тұрғыда айналыса бастайды. Қазір өнімін тек аудан халқына ғана емес, облыс көлемінде және Алматы қаласына саудаға шығаруда.

Әбдірасыл Медетов кәсіптің қыр-сырын меңгеріп, кез болған қиындықтарды еңсергенін айтады. Бастапқыда 1-2 бас жылқы малын бордақылаудан бастаған. Төрт түліктің жылқы малын асырауды бір ғасырға ширек уақыттан бері ата кәсіпке айналдырған отбасы қазір өңірге танымал кәсіпкер десе болады.

Мал бордақылау Медетовтер үшін жанұялық кәсіпке айналып отыр. Екі ұлы да қазір осы кәсіппен айналысып, мал бордақылау ісін дамытуда. Қол жеткізген табыстарын мемлекеттік қолдаудың және еңбекқорлық пен талпыныстың нәтижесі деп біледі.