Түркістан облысының туризмі Шымкентпен қатар дамиды

Қысқаша

Түркістан облысы мен Шымкент қаласында турзимді дамыту үшін осы салаға жауапты басқар

121.jpg

Түркістан облысы мен Шымкент қаласында турзимді дамыту үшін осы салаға жауапты басқармалар арасында меморандумға қол қойылды. Мұндағы мақсат – екі өңірді біртұтас туристік бағыт ретінде одан әрі дамыту.

Түркістан облысы мен Шымкент қаласының туризм басқармаларының басшылары Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өзара меморандумға қол қойып, екі жақты келісімге келді. 

– Өңірлерде туризмнің тарихи-мәдени, экологиялық, экстремалды, гастрономиялық және басқа да түрлерін дамытуға зор мүмкіндік бар. Қарапайым мысалы, Қ.А.Ясауи кесенесіне мінәжат ету туры Шымкент қаласының аумағында орналасқан атақты сопының ата-анасы Ибрагим ата мен Қарашаш ана кесенелеріне барудан басталады. Яғни, Түркістан мен Шымкентті қай жағынан алып қарасаңыз да бөліп қарауға келмейтін ортақ дүниелерге бай. Осы ретте бүгінгі екі жақсы меморандум алдағы уақытта өзінің жемісін беріп, сәтті жобаларды жүзеге асыруға сеп болады деген сенім бар, – деді Түркістан облысы Туризм басқармасының басшысы Г.Ахбердиева.

Өз кезегінде Шымкент қалалық Туризм басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы Олжас Шинтаев меморандум аясында тиісті келісімге келіп, алдағы уақытта іске асырылатын ортақ жобалардың кестесі жасалғанын мәлімдеді.

– Бұл құжат бірыңғай туристік өнімді қалыптастыруға және ілгерілетуге, одан бөлек инфрақұрылымды жетілдіруге мол мүмкіндік береді, – деді О.Шинтаев.