Түркістанда «Мектепке жол» акциясымен 50 балаға көмек берілді

Қысқаша

Бүгін Түркістан қаласында «Мектепке жол» республикалық акциясы жалғасын өтті. Акцияны

117.jpg

Бүгін Түркістан қаласында «Мектепке жол» республикалық акциясы жалғасын өтті. Акцияның негізгі мақсаты – әлеуметтік жағдайы төмен, аз қамтылған көпбалалы отбасыларды мектепке қажетті құрал-жабдықтармен жабдықтап, балаларды мектепке дайындау. 

Мектепке қажетті құралдарды жабдықтауға «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы қаржылай көмек көрсетті. Акцияға арнайы қатысқан «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсенбай Тәжібаев жас өрендерге жаңа оқу жылы табысты өтсін деген тілегін жеткізді.

Республикалық акция аясында Түркістан қаласындағы жартылай жетім, аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан 50 бала көмекпен қамтылды. Оқушыларға есеп және жазба дәптерлері, сурет салуға арналған сызба альбомы, түрлі-түсті қима қағаздары, жазу-сызуға арналған құралдар, желім және өзге де заттар салынған мектеп сөмкелері табысталды.

Бұл көмекті үйлестіруге «жасотандық» белсенділер еңбек сіңірді. «Jas Otan» жастар қанаты Түркістан облыстық филиалының төрағасы Жансерік Жұманның айтуынша, түркістандық «жасотандықтар» мұндай игі бастамаларды алдағы уақытта да жалғастырады.