Шартты бұзғандарға шара көріледі

Қысқаша

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Түркістан қаласындағы құрылыс алаңдарын аралап, мердігерле

92.jpg

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Түркістан қаласындағы құрылыс алаңдарын аралап, мердігерлермен кездесті. Оларға құрылысты ширатуды тапсырып, міндеттерін жіктеді.

Аймақ басшысы келісім-шартта көрсетілген тиісті міндеттерді бұзғандарға, кестеден қалыс қалып не кемшіліктерге жол берген мердігер мекемелерге аяушылық танытпауды тапсырды. Ол үшін заң аясында тиісті шара қолданылатынын ескертті.

Облыс басшысы әкімшілік-іскерлік орталығындағы құрылысы баяу жүргізіліп жатқан тұрғын үйлердің жұмыстарымен танысты. Алғашқы түзілген өндірістік кестеге сәйкес, бұл нысандардың басым бөлігі қыркүйек айында пайдалануға тапсырылуы тиіс болған.

Алайда, тапсырысшы тарапынан облыстық құрылыс басқармасының келісімінсіз өндірістік кестесі қайта жасалып, тапсыру мерзімі қазан айына дейін ұзартылған. Бекітілген кестеден қалыс қалғандарға ірі көлемде айыппұл салынуы мүмкін.

Айьа кетейік, қыркүйек-қараша айлары аралығында Түркістан қаласында 15 нысанды пайдалануға тапсыру көзделген. Олардың 11-і әкімшілік-іскерлік орталығында орналасқан. Басқармалар ғимараты, Департаменттер ғимараты, Конгресс орталығы, Нұр-Сұлтан алаңы, Оқушылар сарайы, стадион, Цифрлық кеңсе нысандарында құрылыс аяқталуға таяған. Жиһаздары қойылып, сыртқы абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр. Рухани-мәдени орталығындағы 4 нысанның құрылыс жұмыстары да аяқталуға жақын.