Созақ ауданы тұрғындары жаңа жұмыспен қамтылуда

Қысқаша

Түркістан облысында «Жұмыспен қамтудың жол картасы» шеңберінде жаңа жұмыс орындары аш

81.jpg

Түркістан облысында «Жұмыспен қамтудың жол картасы» шеңберінде жаңа жұмыс орындары ашылып жатыр. Жұмыс іздеген жұрт Жұмыспен қамту орталығы арқылы еңбекпен қамтамасыз етілуде. Мемлекеттік бағдарлама облыс басшылығының қатаң бақылауында. Бағдарлама аясында бірқатар ірі инфрақұрылымдық нысанның құрылысы жүргізіліп жатыр.

Атап айтқанда, Созақ ауданы бойынша 15 инфрақұрылымдық жоба іске асырылуда. Нәтижесінде 83 жаңа жұмыс орындары құрылып, 45 адам халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмыспен қамтылды немесе 107,1 пайызға орындалып отыр.

Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметінше, инфрақұрылымдық 8 жоба аясында құрылыс-жөндеу жұмыстары 90,7 пайызға орындалған. Ауданда әлеуметтік-мәдениет және инфрақұрылым нысандары мен елді мекендерді абаттандыру жұмыстары іске асырылуда. Атап айтқанда, 4,2 шақырым жолға 103 баған жарық шамдар орнатылып, 1 шақырым аяқ жол жөнделіп, асфальт төселген.

Жұмыспен қамтылған азаматтардың ең төменгі жалақысы 85 мың теңгені құрады. Сондай-ақ, Жол картасы бойынша инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру кезінде мердігерлер қажетті санитарлық–эпидемиологиялық талаптарды сақтап, қызметкерлер жеке қауіпсіздік құралдарымен қамтамасыз етілген.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы» мемлекеттік бағдарламасын іске қосу – пандемия кезінде жұмыспен қамту шараларының бірі. Басты мақсат – жұмыссыздыққа жол бермеу және қосымша жұмыс орындарын құру