Түркістан биыл газбен жылытылады

Қысқаша

Түркістан қаласын жылыту қазандығы биылдан бастап көмір жақпайтын болады. Бұл туралы о

66.jpg

Түркістан қаласын жылыту қазандығы биылдан бастап көмір жақпайтын болады. Бұл туралы облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев айтты.

– Түркістан қаласындағы барлық жылыту қазандықтары газбен жылыту жүйесіне көшеді. Аталған жұмыстар биылғы жылыту маусымына дейін аяқталуы тиіс. Орталық жылу қазандықтарын қатты отыннан табиғи газға ауыстыру арқылы қаламыздың басты мәселесіне айналып отырған экологиялық проблеманы шешуге мүмкіндік туады, –  деді облыс басшысы Түркістан қаласын аралау барысында.

Облыс басшысы қаладағы мәдени-рухани орталық аумағын абаттандыру жұмыстарымен танысты. Мұнда инженерлік инфрақұрылым құрылысы, яғни, сумен жабдықтау және кәріз жүйесін орнату жүргізілуде. 

Өмірзақ Естайұлы тұрғындарға арналған серуен құратын демалыс орындары мен мәдени ошақтарда жүріп жатқан жұмыстардың барысын бақылады. Қалалық саябақ аумағының инженерлік инфрақұрылым жүйелері 80 пайызға аяқталған. Аяқжол тақталары төселіп, субұрқақтар салынған.

Бассейні бар спорттық кешенінің айналасы абаттандырылып, ағаштар отырғызылуда. Заманауи үлгіде бой көтеретін нысан 1300 орынға лайықталған. Аумағы 11 515 шаршы метрді құрайды. Айта кетейік, шаһарда мемлекет қаржысына ғана емес, шетелдік инвесторлардың қатысуымен де құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.