Коронавирусқа шалдыққан жеті әйел аман-есен босанды

Қысқаша

Түркістан облысының дәрігерлері коронавирус індетін жұқтырған жеті ананы аман-есен бо

43.jpg

Түркістан облысының дәрігерлері коронавирус індетін жұқтырған жеті ананы аман-есен босандырып алды. Бұл туралы Кентау қалалық ауруханасының бас дәргіері Гүлбану Сыздықова хабарлады.

Қазір Кентау қаласылық ауруханасының жұқпалы аурулар бөлімшесінде сәбмлі болған аналар мен шақалақтардың жағдайлары жақсы.

– Қала тұрғындарын карантин талаптарын қатаң сақтауға шақырамыз. Дәрілер толығымен жеткізілді. Қазір екі айға жететін дәрі-дәрмек қоры бар. Тұрғындар тек талаптарды қатаң сақтауы керек. Сол кезде ғана бұл індетті толық жеңіп шыға аламыз. Қазір емханадан, «Жансая» шипажайынан дәрігерлер көмекке келіп, ауруханада кезекшілікке түсіп жатыр. Баршамыз бірге ұжымдаса жұмыс істеудеміз, – деді Гүлбану Жұмағалиқызы.

Қалалық орталық ауруханадағы жағдай да тұрақтала бастаған. Бұған дейін күніне 50-60 адам жедел жәрдеммен жеткізілсе, қазір бұл көрсеткіш 10-15 адамға дейін азайған.

Естеріңізге сала кетейік, облыс әкімінің тапсырмасымен құрылған арнайы мобильдік топ карантин кезінде тұрғындарды пандемия кезінде тәртіпке бағынуға шақыруда. Ал, өңірдің бас санитар дәрігерінің қаулысын бұзғандар бірден әкімшілік жазаға тартылады.