Сарыағаш ауданында «Құқықтық тәртіп» іс-шарасы жүргізілді

Қысқаша

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасымен Сарыағаш ауданында жүргізі

тусндрурейд.jpg

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасымен Сарыағаш ауданында жүргізілген «Құқықтық тәртіп» іс-шарасы бойынша 264 хаттама толтырылды. Сонымен қатар, полицейлер мал ұрлығының алдын алу және өз мүлкін қылмыстық тонаудан сақтану бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

«Құқықтық тәртіп» жедел профилактикалық іс шарасына 61 полицей, оның ішінде жергілікті полиция қызметінен – 45, патрульдік полиция тобынан – 6, криминалдық полиция бөлімшесінен – 3 және басқа бөлімшелерінен 7 қызметкер бөлінді. Сонымен қатар 12 қызметтік автокөлік, патрульдік полиция тобының 2 автокөлігі қызмет атқаруға бөлінді. Сонымен қатар 557-тұрғын үй жайлар тексерілді, оның ішінде 124-көп қабатты тұрғын үй пәтерлері, 419-жеке тұрғын үйлер, 34-дачалы үйлер және 107-жалға берілуші пәтерлер тексерілді. Сарыағаш АПБ-де есепте тұратын 300-ден астам тұлғалар.

Шара кезінде аудан көлемінде екі күн ішінде 4-қылмыс орын алған, қылмыстар ізі суытылмай тәулік ішінде ашылды. Сондай-ақ іс-шара барысында заңсыз есірткі заттарын сақтап, өзімен бірге алып жүрген жерінен 6-тұлға анықталды. Ол бойынша да тиісті іс-құжаттар түзіліп, сараптама тағайындалды. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде.

Аудан полицейлерімен тіркелмеген атыс қаруын сақтаған бір тұлға анықталып, қару тәркіленіп, Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 482-бабымен әкімшілік хаттама түзіліп, шешім қабылдау үшін аудандық мамандандырылған әкімшілік сотқа жолданды.

Жалпы 19 автокөлік айыптұраққа жол қауіпсіздігі ережесін бұзушылық бойынша орналастырылып, 246 тұлға жеткізіліп, қол-саусақ іздері алынды.

Түркістан облысы Сарыағаш ауданында «Құқықтық тәртіп» жедел іс-шарасы барысында Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері жол қозғалысы қауіпсіздігінің алдын-алу және жол апаты оқиғаларын азайту, мал ұрлығы жайтын анықтап, алдын кесу мақсатында рейдтік іс-шаралар өткізді. Полицейлер ұрланған малды сатылымға түскенін анықтау үшін мал базарлары мен заңсыз тасымалдарды анықтау үшін оншақты жүк көліктерін тексерді. 

    A+
Уақыты: 2020-08-29  Айдарша: Құқық
TAG: