Түркістан облысының әкімі тәртіп сақшыларына құқықбұзушылықтың алдын алу, қылмыстың ізін суытпай ашу арқылы тұрғындардың қауіпсіздігін басты назарда ұстауды міндеттейді. Бұл тұрғыда Келес ауданының тұрғыны полицейге өзін қағып кеткен жүргізушіні ұстағаны үшін алғыс айтты.
Келес АПБ-нің кезекші бөліміне Ұшқын ауылының тұрғыны жаяу жүргінші,адам қағып кету бойынша арыз түсірді. Әйелдің айтуынша, сағат 11:30-да ауыл көшелерінің бірінде оны белгісіз автокөлік қағып кетіп, жүргізуші оқиға орнынан жасырынған. Дене жарақатын алған жәбірленуші медициналық көмек алу үшін аурухана көмегіне жүгінген.
Келес АПБ-да қашып кеткен жүргізушіні іздестіру және ұстау мақсатында полицияның барлық жеке құрамы жұмылдырылды. Автокөлік белгілері полицияның барлық тірек пункттеріне, соның ішінде облыстың көрші аудандарына берілді. Тәртіп сақшылары тәртіп бұзушы бара алатын барлық жақын маңдағы аумақтар мен жолдарды аралап, басқа да жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Солай жедел қабылданған шаралар нәтижесінде Келес АПБ ЖПҚ учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны Әбдімәжит Дәурен "Ваз" маркалы автокөлігін жасырынған жүргізушімен бірге ұстады. Күдікті Келес ауданының тұрғыны болып шықты.
Ер адамға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабының 2-бөлігі "Көлік құралдары жүргізушілерінің адамдардың денсаулығына зиян келтіруге, көлік құралдарының немесе өзге де мүліктің бүлінуіне әкеп соққан Жол қозғалысы ережелерін бұзуы"бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.
Өз кезегінде аудан тұрғыны Гүлайхан Жорабекова Келес АПБ-нің полиция қызметкерлеріне алғысын білдірді. Тұрғын тәртіп сақшыларына жұмыстарына табыс, қызметтеріне абырой тіледі.