Қызды қорқытып миллион теңгесін алған бопсалағыш қолға түсті

Қысқаша

Түркістан облысында алаяқтық, бопсалау сынды қылмыстардың алдын алу және ізін суытпай

053.jpg

Түркістан облысында алаяқтық, бопсалау сынды қылмыстардың алдын алу және ізін суытпай ашуды жетелдету туралы өңір басшысының тапсырмасын орындау барысында жетісайлық құқық қорғау органы қызметкерлері бопсалағыш қызды құрықтады. Ол кәмелетке толмаған қызды қорқытып, бұған дейін де миллион теңгесін алған екен.
Жетісай аудандық Полиция бөлімінің кезекші бөлімшесіне жергілікті тұрғын бопсалау әрекеті бойынша арызданған. Жәбірленушінің айтуынша, оның кәмелет жасына толмаған қызын ағымдағы жылдың маусым айынан бастап белгісіз қыз бопсалап жүрген. Яғни, бопсалаушы жасөспірім қыздың интимдік бейнесін әлеуметтік желіде жариялаймын деп қорқытқан.
Осыған байланысты бүгінгі күнге дейін күдікті жәбірленушілерден миллион теңге жымқырған. Полиция қызметкерлері бұл жайтты ҚР ҚК-нің 194-бабы "Бопсалау" бойынша СДТТБТ-не тіркеді.
Күдіктінің жеке-басын анықтау мақсатында Жетісай АПБ-нің криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді. Нәтижесінде, полицейлер күдіктіні жәбірленушіден 120 мың теңге бопсалап жатқан жерінен ұстады. Ұсталған азамат Мақтаарал ауданының тұрғыны болып шықты. Айғақты зат ретінде ақша мен бейнематериалдар тәркіленіп алынды.
Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктінің бас шарасы қолхатта. Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтауда.

    A+
Уақыты: 2020-08-25  Айдарша: Құқық
TAG: