Түркістан облысы әкімінің қолдауымен қылмыс түрлерін болдырмау бағытында Сарыағаш ауданында бейнебақылау камералары орнатылған. Олардың көмегімен бүгінде бірнеше қылмыстың беті ашылыпты.
Атап айтқанда, бейнебақылау камерасының көмегімен 7 қылмыс ашылып, 2000-нан астам әкімшілік құқықбұзушылық анықталды.
Сарыағаш ауданында ұсақ-түйек жымқыру, бұзақылық қылмыстары мен үлкен жолдардағы жол-көлік оқиғаларын болдырмау мақсатында және Өзбекстан Республикасымен шекаралас болуын ескеріп, шекара бекеттеріне, үлкен тас жолдарға бейнебақылау камералары орнатылған. Ал, Сарыағаш АПБ кіші жедел басқару орталығына арнайы WI - FI жүйесі арқылы жалғанып сол жерден полиция қызметкерімен басқарылады. Бұл орталық 2014 жылдан бері қызмет атқарып келеді.
Сарыағаш АПБ Кезекші бөлімшесінің бастығы полиция майоры Рысқали Қолдасов «Қолданыстағы бейнекамераның көмегімен қылмыстың алдын алу, оның ішінде қоғамдық орындармен көшелерде жасалған қылмыстарды ашу, жол-көлік оқиғаларын болдырмау мақсатында үстіміздегі жылдың 7 айында бірқатар іс-шаралар аткардық. Камерадағы жазба бойынша 7 кылмыс дер кезінде ашылып, 2161 құқық бұзушыға ҚР ӘҚБтК-нің түрлі баптарымен әкімшілік шара көрілді. Яғни, бейнебақылау камерасының көмегімен дүкен, пәтер, автокөлік ұрлығы қылмыстары мен жаяу жүргіншіні қағып кету немесе басқа да орын алған заңсыздықтар ашылып отыр» дейді.
Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарға ескертеді. Қоғамдық орындарда, көлік басқарғанда, жалпы кез келген уақытта белгіленген ережелерді сақтап, ешқандай заңбұзушылықтарға жол бермеңіздер.