Ақша талап еткен күдіктілер анықталды

Қысқаша

Түркістан облысы әкімнің тұрғындардың құрықтарын қорғаумен қатар қоғамдық тәртіпті қ

029.jpg

Түркістан облысы әкімнің тұрғындардың құрықтарын қорғаумен қатар қоғамдық тәртіпті қадағалау және азаматтардың басты назарда ұстау туралы тапсырмасын тәртіп сақшылар жауапкершілікпен жүзеге асырып келеді. Соның бірі – кентаулық полицейлер жәбірленушіні қорқытып ақша талап еткен күдіктілерді ұстады.

Кентау қалалық ПБ-не жергілікті тұрғын арызданған. Ол арызында өзіне жақын таныс емес екі азамат, өзінше билік етіп, ақша талап еткенін хабарлаған. Полицейлердің анықтауынша, жәбірленуші алдын Түркістан қаласында екі үйге құрылыс жұмыстарын жасап берген. Кейіннен үй иелері жұмысты дұрыс жасамадың деп, бұдан 200 мың теңге талап еткен. Осыдан кейін жәбірленуші полиция қызметкерлерінің көмегіне жүгінген.

Полицейлер жәбірленушінің жауабында көрсетілген азаматтарды анықтап, ұстау мақсатында қажетті шараларды іске асырды. Нәтижесінде ақша талап еткен азаматтар ұсталды. Олардың екеуі де Түркістан қаласының тұрғындары болып шықты.

Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ҚК-нің 389-бабы „Өзінше билік ету„ бойынша тіркелді. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полицейлер болған оқиғаның толық мән-жайын анықтауда. Күдіктілердің бас шарасы „міндеттеме„.

    A+
Уақыты: 2020-08-22  Айдарша: Құқық
TAG: