Көлігінде есірткі сақтап ұсталды

Қысқаша

Түркістан облысы әкімінің есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткіқұмарлықтың алды

026.jpgТүркістан облысы әкімінің есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткіқұмарлықтың алдын алу туралы тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында тәртіп сақшылары күдіктілерді тексеруге құқылы. Сондай шараның бірінде мақтаралдық полицейлер жүк көлігінде есірткі затын заңсыз сақтаған күдіктіні ұстады.

Мақтаарал АПБ-не есірткі затын заңсыз сақтап жүрген жүк көлігі туралы хабарлама келіп түсті. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 296-бабымен тіркеліп, тергеп-тексеру амалдары басталды.
Шұғыл-іздестіру барысында күдікті Түркістан қаласының тұрғыны екені анықталды. Тәртіп сақшылары тінту жүргізу кезінде, жүк көліктің қозғалтқышының үстінде пакетке салынып, оралып тұрған жасыл түсті, өзіндік өткір иісі бар «Марихуана» есірткісіне ұқсас затты тауып, тәркіленіп алды. Сараптама тағайындалды. Зерттеу қорытындысына сәйкес алынған зат 11,97 грамм салмақтағы «марихуана» болып шықты.
Аталған жайт Мақтаарал ауданы ПБ Қазақстан Республикасының ҚК-нің 286-бабы 1-бөлігімен тіркеліп, тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Бас шарасы қолхатта. Қазіргі таңда полицейлер тұрғынның есірткі затын қандай мақсатпен сақтағанын анықтау үстінде.

    A+
Уақыты: 2020-08-21  Айдарша: Құқық
TAG: