Жұмысқа барып, ақшасын ұрлап кеткен күдікті ұсталды

Қысқаша

Түркістан облысы әкімдігінің ұсақ қылмыстардың ізін суытпай істі ашу туралы тапсырмас

022.jpg

Түркістан облысы әкімдігінің ұсақ қылмыстардың ізін суытпай істі ашу туралы тапсырмасын тәртіп сақшылары жүйелі түрде жүзеге асырып келеді. Түлкібастық полицейлер тұрғынның ақшасын ұрлаған жұмысшыны ұстады.

Түлкібас АПБ-не жергілікті тұрғын арызданады. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, оның үйінде жалданып жұмыс істеп жүрген жұмысшысы үйде ешкім жоқтығын пайдаланып, жатын бөлмеде сөмкеде тұрған 500 мың теңге ақшасын жымқырып кеткен. Аталған жайт СДТТБТ-ға ҚР ҚК-нің 188-бабымен тіркелді.
Орын алған ұрлық қылмысын ашу мақсатында полицейлерден жедел-тергеу тобы құрылды. Көрген-білгендерден жауап алынып, қашып жүрген күдіктіні іздеу жұмыстары жүргізілді. Мұқият тексерілді. Нәтижесінде осы қылмысқа қатысы бар күдікті жасырынып жүрген жерінен анықталып, Түркістан қаласынан ұсталды. Түлкібас АПБ-не жеткізілді.
Тергеу барысында күдікті ақшаны ұрлап, өз қажетілігіне жаратып жібергенін. толық мойындады. Бас шарасы ешқайда кетпеу туралы қолхат. Қазіргі уақытта Түлкібас АПБ-де осы қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарға бағалы заттарыңыз бен ақшаларыңызға барынша сақ болуды ескертеді. Сондай-ақ, тұрғын-үйлеріңіздің ауласына бейнебақылау камераларын орнатып, есіктерін нығайтып, терезелеріне темір тор орнатуға кеңес береді.

    A+
Уақыты: 2020-08-21  Айдарша: Құқық
TAG: