6000-ға жуық әкімшілік құқықбұзушылықты анықтады

Қысқаша

Түркістан облысы әкімдігінің қоғамдық қауіпсіздікті сақтау, құқық бұзушылықтарды бол

image.png

Түркістан облысы әкімдігінің қоғамдық қауіпсіздікті сақтау, құқық бұзушылықтарды болдырмау, қылмыстың алдын алу туралы тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында құқық қорғау органдары қызметкерлері күнделікті рейдтік және түсіндіру жұмыстарын жүргізіп тұрады. Нәтижесінде Түлкісбас ауданының полицейлері жыл басынан бері 7 айда бері 5943 әкімшілік құқықбұзушылықты анықтады.

Нақтырақ айтсақ, ҚР ӘҚБТК-нің 204-бабы "Белгiленбеген орындарда сауда жасау" 37 хаттама, 408-бабымен "Иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын бұзу" 258 хаттама, 434-бабы "Қоғамдық орынды ластау" 481 хаттама, 440-бабы "Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу" 368 хаттама, 441-бабымен "Жекелеген қоғамдық орындарда темекі өнімдерін және электрондық сигареттерді тұтынуға тыйым салуды бұзу" 325 хаттама, 449-бабы "Қоғамдық орындарда тиісу" 12 хаттама, 492-бабы "Қазақстан Республикасында тiркеусiз не жеке басты куәландыратын құжаттарсыз тұру" 232 хаттама, 590-бабымен "Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу" 139 хаттама, 591-бабымен "Көлiк құралын басқару кезiнде жүргiзушiнiң телефонды не радиостанцияны пайдалануы" 84 хаттама, 597-бабымен "Көлiк құралдарын тоқтату немесе тоқтап тұру қағидаларын бұзу" 351 хаттама, 602-бабымен "Көлiк құралдары жүргiзушiлерінің сыртқы жарық түсіру аспаптарын және (немесе) дыбыс сигналдарын пайдалану, авариялық сигнал берудi қолдану қағидаларын бұзуы" 499 хаттама, 608-бабымен "Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру" 42 хаттама, 610-бабымен "Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген бұзушылығы" 37 хаттама, 615-бабымен "Жаяу жүргiншiлердiң және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларын бұзуы" 716 хаттама, өзге де баптармен 1717 хаттама толтырылған.
Одан бөлек, Түркістан облысы Бас санитариялық-дәрігерінің 17.07.2020 жылғы №28 қаулысына сәйкес, Түлкібас ауданы аумағында құрамында полицейлер бар мобильдік топтар рейдтік іс-шараларын жүргізіп, ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарының, сондай-ақ гигиеналық нормативтердің бұзылуы» бойынша 234 құқықбұзушылықты анықтап, жинақталған ақпараттар шешім қабылдау үшін СЭС-ке жолданды.
Қазіргі уақытта осы бағыттағы жұмыстар аудандық полиция бөлімінің полицейлері тарапынан қатаң бақылауға алынып, тиісті деңгейде атқарылуда.

    A+
Уақыты: 2020-08-19  Айдарша: Құқық
TAG: