Жалған ақпаратпен қоңырау шалғаны үшін 2 жылға сотталды

Қысқаша

Түркістан облысы әкімдігінің жіті бақылауымен және тапсырмасымен Полиция департамент

08.jpg

Түркістан облысы әкімдігінің жіті бақылауымен және тапсырмасымен Полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарламаларды таратуға жол бермеу және оларды жасағаны үшін қылмыстық жаза бар екенін халық арасында түсіндіру мен алдын алу іс-шараларын тұрақты жүргізіп отырады. Бірақ, қабылданып жатқан шараларға қарамастан, полицияға «бомба орнатты, бомба қойылған» деген сарында көрінеу жалған хабарламалар келіп түсіп жататыны мемлекеттік құрылымдардың елеулі күштері мен құралдарын алаңдатады. Сонымен бірге «жалған террористер» жасаған мұндай «жалған қоңыраулардың» соңы құқықбұзушылар үшін қаншалықты ауыр екенін түсінбейді.
Мысалы, өткен жылдың желтоқсан айында Түркістан қаласындағы «103» жедел жәрдем пультіне белгісіз біреу қоңырау шалып, Жетісай ауданының ауруханасына бомба қойылғанын хабарлаған. Оқиға орнына бірден полиция қызметкерлері мен арнайы мамандар қажетті техникаларымен келген. Тәртіп сақшылары іргелес аумақты қоршап алып, медициналық мекеме қызметкерлерін эвакуациялады. Нәтижесінде полиция жарылғыш құрылғыны таппады, ал бомба қойылғандығы туралы хабарлама жалған болып шықты.
Полиция департаментінің жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында күдікті ретінде жалған ақпарат хабарлаған Жетісай ауданының тұрғынын ұстады. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 273-бабы "Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама" бойынша СДТТБТ-ға тіркелді. Жинақталған материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді. 2020 жылдың мамыр айында Жетісай аудандық сотының шешімімен сотталушы 2 жылға бас бостандығын шектеу және 100 сағат мерзімге мәжбүрлі еңбек етуге сотталды.
Еске сала кетсек, ҚР ҚК-нің 273-бабының "Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау" санкциялары бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстары, не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу, не сол мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде қылмыстық жауапкершілікті көздейді.
Сонымен қатар, құқықбұзушылар жалған шақыру лары үшін сот шешімімен оқиға орнына шұғыл шығып, жедел әрекет ету қызметтеріне толық көлемде төлеуге міндетті. Сондықтан, осылайша "әзілдесуді" қалайтын кез-келген адам мұндай ойынның соңы жақсылыққа апармайтынын ұғынуы керек.

    A+
Уақыты: 2020-08-18  Айдарша: Құқық
TAG: