«Іскер қала» бағдарламасының қатысушыларына қолдау көрсетіледі

Қысқаша

«Бастау Бизнес» жобасының қатысушылары үшін «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасының»2021 жылға арналған бағдарламасы аясында 6% несиелік мөлшерлемемен 1,5 млрд теңгеге қаржыландыру қарастырылған. Кредитке өтінім беру үшін «Бизнеске а

Screenshot_13.png

Шымкент қаласында қарқынды жүзеге асып жатқан ауқымды жобалардың бірі — «Мен кәсіпкер боламын» бағдарламасы. Бұл бағдарлама жастар және әйелдер кәсіпкерлігін бір пайыз жеңілдікпен қолдау болып табылады. Бағдарлама шеңберінде 21-29 жас аралығындағы жас ер кәсіпкерлер мен 58 жасқа дейінгі кәсіпкер әйелдер қатыса алады.

Енді осы жоба аясында «Іскер қала» бағдарламасының қатысушыларына қолдау көрсететін болады.  Сонымен қатар, биылғы жылдан бастап «Shymkent-Atameken» микро қаржы ұйымы» ЖШС-і құрылды. Аталған ұйымның жарғылық капиталының 51% үлесін Шымкент қаласының Кәсіпкерлер палатасы, 49% үлесін «Shymkent» ӘКК» АҚ құрайды.

«Бастау Бизнес» жобасының қатысушылары үшін «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасының» ағымдағы  жылға арналған бағдарламасы аясында 6% несиелік мөлшерлемемен 1,5 млрд теңгеге қаржыландыру қарастырылған. Кредитке өтінім беру үшін «Бизнеске арналған үкімет» фронт-офисіне жүгіну қажет дейді сала мамандары. 

Жалпы, осы «Іскер қала» бағдарламасының іске асырылуы арқылы үш жылда 13,3 млрд.теңге инвестиция тартуға, 2,8 мың жаңа жұмыс орнын құруға, 1,0 мыңнан астам жаңа кәсіпорындарды ашылуы межеленген. Нәтижесінде бюджетке 1 млрд. теңге  жуық салық түсуі күтілуде. Демек, аталмыш  бағдарлама кәсіпкерлік саласына тың серпін бермек. 


    A+
Уақыты: 2021-11-10  Айдарша: Өңір
TAG: