Сарыағашта мал бордақылау алаңдары көбейіп келеді

Қысқаша

Сарыағашта мал бордақылау алаңдары көбейіп келеді

10.jpg

Биыл Сарыағаш ауданында мал бордақылау алаңдары көбейіп келеді. Аудандық кәсіпркерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің мәліметі бойынша биыл Жібек жолы ауылдық округінде «Бесқара» ЖШС-де мал бордақылау кешені салынды. Кешен 1000 бас мал бордақылауға арналған.  Бүгінде 230 бас мал сатып алынып, бордақыланып жатыр. Қазіргі таңда мұнда 15 адам жұмыспен қамтылған.

«Бесқара» ЖШС бүгінде сонымен бірге мал бордақылау кәсібіне ден қоюшыларға тәжірибе алаңы ретінде де көрсетілуде. Тамызда Сарыағаш ауданы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі мен Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен ауданның жұмыссыз жастары Жібек жолы ауылдық округінде мемлекет қолдауымен мал өсірумен айналысып, ісін дөңгелетіп отырған аталған шаруашылықтың  мал бордақылау алаңымен танысты.


Еңбек түбі – береке. Мемлекеттік бағдарламаның мүмкіндігін пайдаланып, отбасылық кәсіппен айналысып отырған кәсіпкер Мұрат Абдибаев өз жұмысымен таныстырып, болашақта қосымша мал бордақылайтын алаң салатынын жеткізді.


“Бес қара” ЖШС мал бордақылау кешенімен танысқан жастар кәсіпке қызығушылықтарын білдіріп, тиісті сұрақтарына жауаптар алды.

Айта кетері, жуырда аталған шаруашылықта ауданға арнайы іс-сапармен келген Парламент Мәжілісінің депутаттары да болды.


    A+
Уақыты: 2021-10-25  Айдарша: Өңір
TAG: