Ауыл шаруашылығы техникаларын жаңарту-өзекті мәселе

Қысқаша

Ауыл шаруашылығы техникаларын жаңарту-өзекті мәселе

9.jpg     

Түркістан облысы Сарыағаш ауданында биыл 75 ауыл шаруашылығы техникалары жаңаланды. Жоспар бойынша жыл соңына дейін олардың санын 80 бірлікке жеткізу көзделуде. 

Жалпы, ауыл шаруашылығындағы ең өзекті мәселенің бірі техникалардың тозуы. Қыркүйекте халыққа арнаған Жолдауында мұны Мемлекет басшысы да атап өткені белгілі.

- Ауыл шаруашылығы саласының басты міндеті – елімізді негізгі азық-түлік өнімімен толық қамтамасыз ету,-деген Президент:

-Ауыл шаруашылығын технологиялық тұрғыдан қайта жабдықтауды қолдау тәсілдерін мұқият қарауымыз қажет. Агроөнеркәсіп кешені қолданатын технологияның шамамен 90 пайызы әбден ескірді. Оны жаңарту керек,-деп атап өтті.

Айта кетері, соңғы жылдары Сарыағаш ауданында ауыл шаруашылығы техникаларын арнайы бағдарлама арқылы жаңарту қолға алынуда. Арнайы бағдарламаның мақсаты-қажетті ауыл шаруашылық құрал-жабдықтарға мұқтаж, бірақ аванстық төлем төлейтін мүмкіндігі жоқ шаруашылықтар мен кәсіпкерлерге қолдау көрсету. Бағдарлама бойынша кәсіпкерлер ауыл шаруашылық техникалары мен қажетті құрал жабдықтарды алдыңғы жарнасыз (аванстық төлемсіз) сатып алу мүмкіндігіне ие бола алады. Ауыл шаруашылығының дамуы техникалардың жағдайына тікелей тәуелді екендігін ескерсек, бұл жүйе шаруалар үшін де, жалпы агроөнеркәсіп саласының дамуы үшін де тиімді болмақ. 


    A+
Уақыты: 2021-10-24  Айдарша: Өңір
TAG: