Кәсіп бар жерде нәсіп бар

Қысқаша

Шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылғандар саны 168 мың адамды құрап, немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне 104,4%-ға артты (2020 ж. – 160,9 мың адам).

Screenshot_11.png

Бүгінгі күні Шымкент қаласында шағын және орта кәсіпкерліктің негізгі көрсеткіштерінде оң динамика бар. Атап айтсақ, қалада тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер саны 87 076 бірлік құрайды. Оның ішінде жұмыс істеп тұрған субъектілер саны 72 681 бірлік. Алайда 2021 жылы кәсіпкерлікті қолдауға көп қаражат бөлінуіне байланысты ай сайын өсім байқалады. Жыл соңына дейін  74,0 мың бірлікке жеткізу жоспарланып отыр. Өткен жылмен салыстырғанда  карантин әсерінен жеке кәсіпкерлік субъектілерінің көбісі жылдың соңына қарай жұмыстарын тоқтатып қойды. Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 101,2% (жеке кәсіпкерлер – 51 306, заңды тұлғалар – 18 156, шаруа қожалықтары – 3 219). 

Шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылғандар саны 168 мың адамды құрап, немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне 104,4%-ға артты (2020 ж. – 160,9 мың адам).

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің шығарған өнім көлемі ағымдағы жылдың 2 тоқсан жағдайы бойынша 645,5 млрд. теңгені құрап, 2020 жылмен салыстырғанда 149,8%-ға артқан (2020 ж. – 402,8 млрд. теңге).

Шағын және орта кәсіпкерлікті әрі қарай дамыту және бекітілген индикаторлардың орындалуын қолданыстағы мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуы арқылы қол жеткізілетін болады.


    A+
Уақыты: 2021-10-25  Айдарша: Өңір
TAG: