Қазіргі таңда бизнес ашып, кәсіп бастаймын деушілерге мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдаулар көп. Тек идея және әрекетжәне еңбек етсеңіз болды. Жеке кәсіппен айналысудың қалайтын шымкенттіктер де мемлекеттің көмегінен құр қалып жатқан жоқ. Осылайша олар елдегі шағын және орта бизнесті дамытуға өз үлестеріп қосып отыр.
Шымкент қаласында «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты Жол картасы бойынша шағын және орта бизнестің дамуына қолайлы жағдай жасалуда. 2021-2025 жылдары кәсіпкерлерді жүйелі қолдау шаралары жүзеге аспақ.
Үшінші мегаполисте 2025 жылға дейін «Мен кәсіпкер боламын» бағдарламасы аясында 100 жобаға несие беру жоспарлануда. Ағымдағы жылы 21 жобаға несие берілген. «Бизнестің жол картасы - 2025» бағдарламасы аясында 500 кәсіпкерге қолдау көрсетіледі. Биыл 180 жоба қаралуда дейді салаға жауапты мамандар.
Ал «Еңбек» бағдарламасы аясында 300 шағын бизнеске қолдау көрсетіледі деп күтілуде. Биыл аталмыш бағдарлама аясында 58 жобаға қолдау көрсетіліпті.
Сонымен қатар, қалада алдағы бес жылда 2,5 трлн теңгеге 211 инвестициялық жоба (14 мың жұмыс орны) іске асырылады. Атап айтқанда, өнеркәсіп бағытында 98, сауда 15, ауыл шаруашылығы 98, білім 20, тұрғын үй 31 және денсаулық сақтау саласында 9 жоба қолға алынбақ.
Айта кетсек биыл 157 млрд теңгеге 47 жобаны іске асыру жоспарланған.