«Көне Сауран мен жаңа Сауран» атты деректі фильм жарық көрді

Қысқаша

«Көне Сауран мен жаңа Сауран» атты деректі фильм жарық көрді



Тарихы ғасырлар тереңінде жатқан қарт Сауранның жұмбағы мен құпиясы, ерекшелігі мен даралығы көп. Киелі Түркістанмен аты қатар аталатын ежелгі Сауран қаласы қазақ топырағында бүгінгі күнге дейін аман сақталған жалғыз ортағасырлық қала.

image.png

Ежелгі Сауран қаласы қайта түлеп, көне шаһардың атымен жаңа Сауран ауданы құрылды.

Тарихи топырақта құрылған жаңа ауданның қазіргі тыныс-тіршілігі мен көне шаһардың тарихын баяндайтын «Көне Сауран мен жаңа Сауран» атты деректі фильм жарық көрді.

Деректі фильмде тарихшы Нұрханов Бақытжан ежелгі Сауран қалашығының тарихы мен құпиясына бойлайды. «Біз көріп жүрген Сауран қаласы ХIV ғасырда пайда болған. Қазіргі Сауран қаласынан 5 км. жерде Қаратөбе деген археологиялық нысан орналасқан. Сауранның бастауы сол жерде», - деп пікір білдіреді тарихшы.

Фильмде көне Сауранның басты ерекшелігі болған тербелмелі мұнара, кәріз құдықтары жайлы және Сауранның астаналық деңгейге дейін көтерілгендігі мен көне шаһардың күйреуіне не себеп болғандығы айтылады.

Деректі фильмде жаңадан құрылған Сауран ауданының әкімі Ғани Рысбеков: «Жаңа аудан құру - мемлекет пен халықты, халық пен мемлекетті жақындату»,- деп сұхбат берді.

Сондай-ақ, деректі фильмде құрамына 12 ауылдық округ кіретін жаңа ауданның алға қойған жоспарлары баяндалады.

    A+
Уақыты: 2021-08-18  Айдарша: Өңір
TAG: