«Ақсукент - Қарамұрт» бағытындағы жол жөндеу жұмыстары қарқынды жүруде

Қысқаша

«Ақсукент - Қарамұрт» бағытындағы жол жөндеу жұмыстары қарқынды жүруде



Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел халқына жолдаған жолдауында жергілікті жерлердегі әлеуметтік экономикалық дамуға басымдық беру керектігін атап айтқан болатын. Яғни ауылдар арасын байланыстыратын жолдардың жөнделуі, ауыз су, білім беру және денсаулық сақтау салалары бойынша атқарылатын жұмыстарды тиісті сала басшыларына жүктеген болатын. Бүгінде бұл бағытта ауқымды жұмыстар жүзеге асып жатыр.

image.png

Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының тапсырысымен мердігер мекеме «Корпорация «Сити-Строй» ЖШС тарапынан Сайрам ауданының «Ақсукент-Қарамұрт» бағытындағы 22,5 шақырымды құрайтын облыстық маңызы бар КХ-3 «Көксәйек-Ақсу-Шаян-Мыңбұлақ» автомобиль жолын орташа нысанның құрылыс жөндеу жұмыстары қарқынды жүруде.

Мердігер мекеме тарапынан жол негізін құмды-шағалтас қоспасымен нығайту жұмыстары толығымен аяқталып, 22+500 шақырым жолға ірі түйіршікті және 21+500 шақырымына ұсақ түйіршікті асфальт жабындысы салынған. Жол бойынан жаяу жүргіншілерге арналған 10 шқ аяқ жол салу жұмыстары толығымен аяқталды.

Сондай-ақ, салынып жатқан жолдың жарамдылық мерзімін ұзарту мақсатында басқарма және аудан әкімдігінің тарапынан ауыр жүк көліктеріне арналған айналма жол ұйымдастырылған. Нысанды ағымдағы жылы қыркүйек айында толық пайдалануға беру жоспарлануда.

Айта кетсек, жүргізіліп жатқан жұмыстардың сапасын техникалық қадағалаушы «Оңтүстік жолдары» МКК тарапынан және «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМК тарапынан тұрақты бақылауға алынған.