Келес ауданында тамшылатып суару әдісі қарқынды дамып келеді.

Қысқаша

Келес ауданында тамшылатып суару әдісі қарқынды дамып келеді.



Түркістан облысы Келес ауданының шаруалары тамшылатып суару әдісінің тиімділігін көруде. Атап айтқанда Қошқарата ауылдық округінің Жаңа қоныс ауылында орналасқан «Бижігіт-ата» шаруақожалығының иесі Нұрбол Жанұзақов 10 гектар аумаққа тамшылатып суару әдісін қолданып отыр. Бүгінде 5,5 гектар жерге жылыжай, 4,5 га жерге ашық алқапта өнім өсіріп, ағын суды тиімді, ысырапсыз пайдаланудың жарқын үлгісін көрсетуде. 

image.png

Жылыжай кешені жылына 120 тонна өнім беруге қауқарлы. Өнімнің қияр, болгар және баклажан түрлерін өндіретін кешеннің жалпы құны 85 млн теңгені құрайды. 2018 жылы жылыжай құрылысын бастап, 2019 жылы алғашқы өнімін еккен шаруа өңірдің климаттық жайының ұтымдылығын пайдаланып, ашық алқапқа да егінін егуде. Алқаптың 3,5 гектарына сарымсақ өсірсе, 1 гектар аумаққа баклажан өнімін отырғызған. Жеке кәсіпкер жалпы 15 адамды маусымдық жұмыспен қамтып отыр.

Ал, Келес ауданына қарасты Қошқарата ауылдық округі аумағында орналасқан «Кенжебай ата» шаруа қожалығы 1 гектар жерге қызанақ еккен. Егіннің алды пісіп, жетілуде. Жалпы, егістік алқапта 25 мың түп қызанақ отырғызылды. Егінді күтіп баптауға 10-нан астам адам еңбектенуде.

Оған қоса, шаруа қожалықтың құрамында мал бордақылау алаңы жұмыс істейді. Мұнда «Ангус», «Ақбас» тұқымды 100-ге жуық ірі қара мал бордақыланып жатыр. Былтыр мал шаруашылығын бастаған шаруақожалық алғашқы лекпен 54 дана асылтұқымды малдарды солтүстіктен алдырған. Бүгінде мал басын көбейтіп, ішкі нарыққа ет өндіріп, мол пайдаға кенеліп отыр.