Сарыағашта 30 гектар жерге жылыжай салынады

Қысқаша

Сарыағашта 30 гектар жерге жылыжай салынады



Түркістан облысы, Сарыағаш ауданында 30 гектар жерге жылыжай салу, 600 гектар жерге тамшылатып суару әдісін енгізу, 80 бірлік ауыл шаруашылығы техникаларын жаңалау жоспарланып отыр. Ауданда осы жылы 1 мың бастан жоғары мал бордақылау алаңы салынбақ.

image.png

Өндірілген аумақтық жалпы өнім көлемі 2020 жылы 175 млрд теңгені құрады.

Аудан экономикасының негізгі драйвері – ауыл шаруашылығы саласы екендігі белгілі. Осы салада 2020 жылы өндірілген өнімдердің жалпы көлемі 86,4 млрд. теңгеге жоспарланып, жыл қорытындысымен орындалуы 92,2 млрд. теңгені құрады.

Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, ауыл шаруашылығына жылына бір алқаптан 2-3 өнім алу инновациялық жобасы бойынша жоспар 910 га болса, нақты орындалғаны 404 бірлік шаруа қожалыққа тиесілі 921,8 га.

Ағын су жүйесін дамыту мақсатында 2020 жылы 607,5 млн теңгеге 27,0 шақырымды құрайтын 5 нысан ағымдағы жөндеуден өткізілді, нәтижесінде 364 га суармалы жер қайта айналымға қосылып, 2180 га жерге су өткізу мүмкіндігі жақсарды.

Сонымен қатар, құрылыс саласында 2020 жылы аудан бойынша 10,3 млрд теңгеге 22 нысанның құрылыстары жүргізілген болса, жол құрылысы саласында аудан бойынша жалпы 34 көшенің 55,2 шақырымына орташа жөндеу және 1 көпірдің құрылыс жұмыстары жүргізілді.