Жұмыссыздықпен күрес жүйелі түрде жүзеге асуда

Қысқаша

Жұмыссыздықпен күрес жүйелі түрде жүзеге асуда



Сарыағаш ауданы әкімдігінің бастамасымен халықты жұмыспен қамту орталығында "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жалпы жұмыссыз тұрған азаматтарды қоғамға бейімдеу мақсатында тұрғылықты мекен-жайына жақын жерлерден, олардың тұрмыстық жағдайын ескере отырып тұрақты жұмыспен қамту үшін бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілді.

image.png

Жәрмеңкеге ауданның жалпы жұмыссыз 20-азаматтар қатысты. Сонымен қатар жәрмеңкеге ауданның 23 жұмыс берушілері 85 тұрақты бос жұмыс орындарын ұсынды. Жәрмеңкенің нәтижесінде 14 азамат бос жұмыс орындары бойынша тұрақты жұмыспен қамтылды. Алдағы уақытта мұндай жәрмеңкелер тұрақты түрде өткізілетін болады.

Сондай-ақ, бүгінде мемлекет тарапынан қолдаудың арқасында ауданда өз кәсібін ашқан азаматтар көбейіп келеді. Мәселен, Сарыағаш қаласының тұрғыны 01.5.1975 жылы туылған Көптұрғанов Қанат Еркінбайұлы «Еңбек» бағдарламасының екінші бағыты шеңберінде 29.7.2020 жылы «Атамекен» ҰКП тарапынан ұйымдастырылған «Бастау бизнес» жобасында кәсіпкерлік негіздерінде оқып, 24.03.2021 жылы жаңа бизнес-идеялар үшін берілетін 583 400 теңге көлеміндегі мемлекеттік грантқа қол жеткізді. Қазіргі таңда тұрғылықты мекен жайы бойынша аяқ киім жөндеу шеберханасын ашып, өз кәсібін дөңгелетуде.

Ал, Жартытөбе ауылдық округінің тұрғыны 17.10.1991 жылы туылған Асанов Нурсултан қоғамдық тамақтандыру орнын ашып, кәсіп кетіп жүр.