Бәрі де онлайн...

Қысқаша

Портал қысқа мерзімді курстарды онлайн ұйымдастырудың маркетплейсі болып табылады және сұранысқа ие дағдыларға оқығысы немесе біліктілігін арттырғысы келетін еліміздің кез келген азаматына қолжетімді.

Screenshot_21.png

Енді біліктілікті онлайн түрде арттырып, жұмысқа орналасуға болады. "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ ағымдағы жылдың  1 шілдеден бастап «Электрондық еңбек биржасы» мемлекеттік ақпараттық порталы базасында цифрлық платформалар жұмысын бастады. Яғни, онлайн түрде қысқа мерзімді оқыту порталы (www.skills.enbek.kz) іске қосылды.

 Портал қысқа мерзімді курстарды онлайн ұйымдастырудың маркетплейсі болып табылады және сұранысқа ие дағдыларға оқығысы немесе біліктілігін арттырғысы келетін еліміздің кез келген азаматына қолжетімді.

Осыған орай, қалалық халықты жұмыспен қамту орталығының Қаратау ауданы бойынша «Жұмыспен қамту және кәсіптік оқыту» бөлімінің басшысы А.Наурызбаевтың қатысуымен  жоғарыдағы ақпаратты түсіндіру мақсатында Түркістан индустриалдық-құрылыс колледжінің базасында оқу орталығының ұжымымен кездесу ұйымдастырылды.

Жалпы, порталдың іске қосылу мақсаты - азаматтардың біліктілік және кәсібилік деңгейін арттыру, жалпы мансаптық өсуді ынталандыру және «өмір бойы оқу» тұжырымдамасын ілгерілету. Бұдан бөлек, порталдың әлеуметтік мақсаты жұмыссыз адамдардың және жұмыс іздеген адамдардың жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін жақсарту үшін мемлекет қаражаты есебінен оларды оқытудың онлайн құралдарын пайдалану болып табылады.


    A+
Уақыты: 2021-07-31  Айдарша: Өңір
TAG: