Мемлекеттік рәміздер - менің мақтанышым!

Қысқаша

Мемлекеттік рәміздер - менің мақтанышым!

17.jpg

4 маусым - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні қарсаңында Түлкібас ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен аудан әкімдігінің ғимараты алдында орналасқан тутұғырға мемлекеттік тулар ілініп, құрмет көрсетілді. Бұл туралы Түлкібас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Сонымен қатар, аудан орталығында бой көтеріп, тұрғындар көзайымына айналған "Арбатта" мәдениет үйі қызметкерлері, Түлкібас ауданы қоғамдық келісім және Жастар ресурстық орталығының ерікті жастарының қатысуымен "Мемлекеттік рәміздер - менің мақтанышым!" атты жастар патриоттық акциясы болып өтті.

Бұл іс-шаралар барлық ауылдық округ, кенттерде жалғасын табуда.

Айта кетері, «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданды. Осы Заңға сәйкес жыл сайын 4 маусым Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленеді.

Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі. Қазақстан Республикасында Мемлекеттік ту, Мемлекеттік елтаңба және Мемлекеттік гимн мемлекеттік рәміздер болып табылады.

Елбасы, Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев: «Мемлекеттік рәміздер – бұл біздің мемлекетіміздің, біздің егемендігіміздің берік негізінің бірі. Олар Тәуелсіздіктің қасиетті біріктіруші образын  білдіреді»,-деп атап өткен болатын.  


    A+
Уақыты: 2021-07-04  Айдарша: Өңір
TAG: