Сайрамдық шаруалар ағын су тапшылығын көрмейді

Қысқаша

Сайрамдық шаруалар ағын су тапшылығын көрмейді

Ендігі кезекте Сайрамдық шаруалар ағын судан тапшылық көрмейді. Себебі, Сайрам ауданы аумағына ағын су келе бастады. Аудан көлемінде ағын су тапшылығы жойылып, суармалы жерлердің тиімділігін арттыру және ағын су көлемін үнемдеу бағытында ауқымды жобалар қолға алынуда. 

Сайрам ауданы бойынша шілде айында Ақсу өзенінде күніне орта есеппен 10м³/сек ағын су келді. Облыс әкімінің орынбасары Ұ.Тәжібаевтың тапсырмасына сәйкес, суды тиімді пайдалану мақсатында ағымдағы жылдың 11-15 шілде аралығында Орта Ақсу су бөгетінен Бөген су қоймасына күн сайын орта есеппен 4 м³/сек су жіберілуде.

Сондай-ақ Түркістан облысы, Арыс қаласы және Отырар ауданы шаруалары Сайрам ауданы басшылары мен шаруаларына алғысын білдіруде.

Аудан шаруаларына судың қалған бөлігі аудандағы 47 каналдарға аударма жасау арқылы кезекпен бөлініп берілуде. Шаруашылықтардың ағын суға деген сұраныстары қанағаттандырылып отыр.