Түркістан облысының күш құрылымдары жаңа ғимаратқа көшеді

Қысқаша

Түркістан облысының күш құрылымдары жаңа ғимаратқа көшеді

Түркістан қаласында облыстың күш құрылымдары мен құқық қорғау органдарының жаңа ғимараттары бой көтерді. Әкімшілік-іскерлік орталықта орналасқан мемелеттік нысандар барлық талаптарға сай салынуда. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев құрылыс алаңдарында болып, жұмыс барысымен танысты. Мемлекеттік кірістер департаменті ғимаратының құрылысы аяқталуға жақын. Нысанның жалпы жер ауданы 9 мың м2. Сыртқы абаттандыру жұмыстары және ішкі құрал-жабдықтарын орнату жұмыстары жүргізілуде. Жақын күндері пайдалануға беріледі.

image.png

Түркістан қаласындағы Төтенше жағдайлар департаменті мен «Өрт сөндіру-құтқару қызметі» мемлекеттік мекемесі үшін әкімшілік ғимарат пен 4 автокөлікке өрт сөндіру бекетінің құрылысы да қарқынды. Ғимарат қыркүйек айында пайдалануға беріледі. Қазір ішкі әрлеу жұмыстары мен абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.

Мамыр айында басталған облыстық прокуратура ғимаратының құрылысы келер жылы аяқталмақ. Жалпы жер ауданы 10 мың м2. Жеті қабатты ғимараттың жер жұмыстары аяқталып, іргетасы қаланған. Техникалық орын-жайлардың бетон құю жұмыстары жүргізілуде.

Облыс әкімі Ұлттық қауіпсіздік комитеті ғимаратының құрылыс алаңында болды. 5 га. жерде орналасқан. Бетон қаңқаларын құю, жабын платаларын орнату жұмыстары жүргізілуде. Нысан жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Полиция департаментінің «Жедел басқару орталығының» ғимараты өткен жылдың қыркүйек айында басталған болатын. Жалпы жер ауданы - 3 га. Құрылыс-монтаж жұмыстары қарқынды. Сондай-ақ Түркістан қаласында 470 адамға арналған Полиция департаменті ғимаратының құрылысы жүріп жатыр. Жалпы жер ауданы 4 мың м2. Ғимарат бірнеше блоктан тұрады. Қабырғасы қаланып, уақытша ұстау изоляторы мен спорт аумағы, 30 көлікке арналған гараждың жер жұмыстары және іргетасы аяқталған. Полиция қызметкерлері жаңа ғимаратқа келер жылы көшеді