Төлеби ауданың тұрғыны Жандос Мырзаметов мемлекеттік бағдарламасы аясында жоспарын сәтті іске асырып, кілем жуу орталығын ашқан. Ол алдымен аудандық жұмыспен қамту орталығына жұмыссыз ретінде тіркеліп, «Бастау Бизнес» оқу курсын тәмамдаған. Сондай-ақ, ол сертификат алған азаматтарға берілетін 583 400 теңге қаражатқа шаңсорғыш пен 500 шаршы метрге арналған кілем кептіргіш аппарат сатып алған.
- «Бұған дейін әр түрлі жерлерде жұмыс істеп келдім. Сосын өзім тұрақты жұмыс орнын ашуды ойладым. Ақылдаса келе Леңгір қаласына кілем жуатын орталық керек деген ойға келдім. Қателеспеппіз, қазіргі таңда сұраныс молынан болып тұр. Орталығымызға «Lenger carpet» деген атау бердік», – деді Ж.Мырзаметов.
Қазіргі таңда кілем жуу орталығында 5 адам жұмыспен қамтылған. Олар айына шамамен 200 кілем жууда. Орталық иесі сұраныс артып жатса, кәсіп ауқымын кеңейтемін деп отыр.
Айта кетейік, ауданда «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы жоспарлы түрде іске асырылып келеді. Ленгір қаласының өзінде 37 азамат бизнес жоспарын сәтті қорғап, мемелекеттік грантқа ие болған.