«Еңбекпен» кәсіп ашты

Қысқаша

Кәсіп бастаймын деген болашақ кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан мүмкіндіктер көп. Солардың бірі - «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының ІІ бағыты шеңберінде Мемелекеттен қолдау тапқан қала тұрғаны - Сауле Абдукадирова.

Screenshot_11.png

Кәсіп бастаймын деген болашақ кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан мүмкіндіктер көп. Солардың бірі -  «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының ІІ бағыты шеңберінде Мемелекеттен қолдау тапқан қала тұрғаны - Сауле Абдукадирова.

Ол былтырғы жылдың шілде айында «Атамекен» палатасы жанындағы «Бизнес бастау» курсына қатысып, қолына сертификат алған соң, мемлекеттік грантқа «Шаштараз ісі» бойынша комиссияға өз бизнес-жоспарын ұсынған. Нәтижесінде  жобасы мақұлданып,  200 АЕК(555 650 тг) көлемінде грантқа қол жеткізді. Бөлінген қаражатқа керекті құрал жабдықтарын алып, қазіргі таңда тұрақты түрде қызмет көрсетуде.  

- Жалпы бұл бағдарлама кәсіппен айналысамын деген жергілікті тұрғындар үшін үлкен мүмкіндік. Мемлекеттік қолдаудың арқасында  өз кәсібімді ашып, қазіргі таңда 50-ге жуық шәкірт тәрбиелеудемін – дейді Сауле Абдукадирова.

Жалпы, Шымкентте былтыр 4828 адам мемлекеттік грантқа қол жеткізді. Оның ішінде 407-сі көп балалы отбасы мүшелеріне, 2122 -аз қамтамасыз етілген отбасыларға, 29-мүгедек азаматтарға ,1075-сі жастарға және 1195 өзге санаттағыларға берілді. Биыл 600 азамат грантқа қол жеткізіп, өз мүмкіндіктерін жүзеге асыруда.

Айта кетейік, "Еңбек" бағдарламасының екінші бағыты "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне, оның ішінде онлайн режимде оқыту; ауылдық елді мекендерде, шағын қалаларда, қалалар мен моноқалаларда микрокредит беруді, оның ішінде зәкірлік кооперацияны және әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту арқылы кеңейту;ауылдық елді мекендер мен шағын қалаларда, қалалар мен моноқалаларда кредиттерге/микрокредиттерге кепілдік беру;жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беруді көздейді. 


    A+
Уақыты: 2021-07-26  Айдарша: Өңір
TAG: