Қыс шанаңды, жаз сайла!

Қысқаша

Қазіргі таңда 530 үйдің 201-не сығымдау жұмыстары жүргізілдідейді салаға жауаптылар.

Screenshot_7.png

Қыс шанаңды, жаз сайла! Осы қағиданы ұстанған шымкенттік басшылар қыс мезгілінде жылу құбырлары істен  шығып, тұрғындар тоңбас үшін дайындықты шіліңгір шілдеден бастауда.   Мәселен бүгін Еңбекші ауданының әкімі Д. Есілбек  көпқабатты тұрғын үйлердің 2021-2022 жылдардағы қысқы жылыту маусымына дайындық жұмыстарымен танысып, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығын жаңрыту бағдарламасының орындалу барысын қадағалады.

Мамандардың дерегінще аудан аумағында 630 көпқабатты тұрғын үй орналасқан, оның ішінде 530 көпқабатты тұрғын үй орталықтандырылған жылумен қамтамасыз етіледі. Жылыту маусымына көпқабатты тұрғын үйлерді сапалы және уақытылы дайындау мақсатында «Қуат жылу орталық-3» МКК-мен бірлесе іс-шара бекітіліп, дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Қазіргі таңда 530 үйдің 201-не сығымдау жұмыстары жүргізілдідейді салаға жауаптылар.

Сонымен қатар, аудан аумағында қызмет көрсететін сервистік компаниялар тұрғындармен тұрғын үйдің инженерлік жүйелерін 2021-2022 жылдарға қысқы жылу маусымына дайындау мақсатында 289 келісім-шарт түзілді.

Аудан тұрғындарынан қысқа дайындық жұмыстарын жүргізу үшін тиісті қызмет көрсететін сервистік компаниялармен келісім-шарт түзіп, қажетті жұмыстарды жүргізуді сұраймыз деді аудан әкімі аралау барысында. Сондай-ақ жауапты мамандарға жылу құбырларының сапасын тексеріп, жөндеуді қажет ететіндерін ертерек әзірлеп қоюды тапсырды. 


    A+
Уақыты: 2021-07-26  Айдарша: Өңір
TAG: