Түркістанда 900 орындық мектеп ашылады

Қысқаша

Түркістанда 900 орындық мектеп ашылады

Түркістан қаласындағы құрылыс алаңдарын аралаған облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев жасыл желекті күтіп-баптау барысын тексерді. Жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктеп, құрылыс сапасына баса назар аударуды міндеттеді. Әкімшілік-іскерлік орталығындағы демалыс аймақтарында жасыл желекті күтіп-баптау мен баульвардың құрылысы жүргізілуде. Сонымен қатар, халықаралық әуежайға барар жолда 400 мыңға жуық түрлі ағаш отырғызылған.

image.png

Облыс басшысы сондай-ақ Түркістан қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлердің құрылыс барысымен танысты. Әкімшілік-іскерлік орталықта 5, 7, 9, 12 және 20 қабатты 60 тұрғын үй және 4,6 және 8 қабатты 22 тұрғын үй бой көтерген. Айта кетейік, жыл басынан бері түркістандық 500-ге жуық отбасы қоныс тойын тойлады. Оның ішінде кезекке тұрған азаматтарға 252 пәтер, несиемен 204 пәтер берілді. Жоспарланған 108 көпқабатты тұрғын үйлердің 26-ы тапсырылды, қалған 82-і биыл аяқталады.

Жаңа оқу жылында Түркістан қаласында 900 орындық мектеп ашылады. Білім ұясы заманауи қондырғылармен жабдықталады. Үлкен спорт зал мен пәндік сыныптармен қамтылған. Облыс әкімі жаңа мектептің құрылыс ішкі құрал-жабдықтар орнатылып, сыртқы абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.

Түркістан қаласын түркі әлемінің мәдени-рухани орталығы ретінде қалыптастыру жұмыстарының 1-кезеңі аяқталғаны белгілі. Қаланың негізгі әлеуметтік-инфрақұрылымы қаланды. Жалпы 445,3 млрд. теңге 257 жоба іске асырылып, жаңадан Халықаралық әуежай, Әкішілік-іскерлік және Рухани-мәдени орталықтары салынды, оларды өзара байланыстыратын Б.Саттарханов даңғылы қайта құрудан өтті және өндірістік аймақ құрылды. Рухани-мәдени орталығындағы 16 нысанның 14-нің құрылысы толықтай аяқталды. Түркістан облысының 2021-2025 жылдарға арналған жаңа Кешенді жоспарына 141 іс-шара енді. Оның ішінде 75%-ы жеке инвестициялар есебінен жүзеге асырылатын болады.