Оқы және еңбек ет!

Қысқаша

Айта кету керек, жұмыспен қамту орталығының 4 аудандық бөлімшелерінде кәсіптік оқыту бөлімдері ашылған. Былтыр 2000-ға жуық адам қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды бітіріп, нәтижесінде 1590 адам жұмыспен қамтылған.

Screenshot_26.png

Шымкентте «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 3 айлық кәсіптік оқыту курстарына 2500 астам азамат жолданды. Жобаның І кезеңі 21 маусымда басталды. Биыл 600 адам жұмыс берушілердің сұранысына сәйкес білімін шыңдауда. 1 900 адам 24 кәсіп негізінде және еңбек нарығының сұранысына сәйкес 30-дан астам қажетті мамандықтар бойынша қызметкерлер оқытылатын болады.Курста азаматтар 30-дан аса мамандықтар бойынша білімін жетілдірмек.  Оның  ішінде   дизайнер, кондитер, тігінші, автоэлектрик,тас қалаушы, кран машинисті, визажист, шаштараз шебері, аспаз сынды мамандықтар бар.  Қатысушыларға ай сайын 17 мың теңге көлемінде шәкіртақы төленеді. Оқуға 18 жастан зейнет жасына дейінгі жұмыссыз азаматтар қатыса алады.

"Орталық 2010 жылдан бастап жұмыс жасап келеді. Мекеме  мемлекеттік бағдарламаны, ондағы міндеттерді жүзеге асыру, хылықты әлеуметтік қолдау және оларды кәсіпкерлікке баулу мақсатында бағдарламаға 2013 жылдан бері қатысып келеді және осы күнге дейін 2500-ге жуық адамға білім берген. Жалпы бұл мекеме Шаштараз-модельер,шаштараз-стилист,визажист,маникюр шебері,арнайы тігінші,тігінші,киім пішуші,тоңазытқыш қондырғылары жабдықтарын құрастырушы мамандықтары бойынша кәсіби білім беруде",- дейдіҚайта даярлау орталығының басшысы Айнұр Қуаныш.

Дәріс беру аптасына 6 күн, 6 сағаттан жүргізіледі. Оқу аяқталған соң  арнайы сертификат беріледі. Сонымен қатар,оқуын аяқтаған азаматтарды еңбек нарығының сұранысымен жұмыс берушілердегі пайда болған бос жұмыс орындарына жұмысқа орналасуына ықпал етілетін болады.

"Жасым 19-да. Бұл жерде мен тігіншілікті үйреніп жатырмын. Еңбек түбі береке демекші, мен басқаларды да осы оқу орнына оқуға шақырамын",- дейді Шымкент қаласының тұрғыны Гүлжан Өмірбекова.

Айта кету керек, жұмыспен қамту орталығының 4 аудандық бөлімшелерінде кәсіптік оқыту бөлімдері ашылған.  Былтыр 2000-ға жуық адам қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды бітіріп, нәтижесінде 1590 адам жұмыспен қамтылған.


    A+
Уақыты: 2021-07-12  Айдарша: Өңір
TAG: