Мәрмәр өндіретін бірегей зауыт

Қысқаша

«Оңтүстік» индустриалды аймақта орналасқан зауыт 2017-2019 жылдары индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында жүзеге асырылған жобалардың бірі. Кәсіпорнның ішіндегі соңғы үлгілегі алып техникалардың барлығы шет елден арнайы тапсырыспен әкелінген.

Screenshot_4.png

Бүгінде Шымкентте отандық өнімнің түр-түрі өндірілуде. Қарапайым тұрмыстық заттардан бастап, тіпті мәрмәртасқа дейін өзімізден шығарылады.

«BESKUDUK TAS» зауыты – Шымкентте мәрмәр тас  өндіретін жалғыз кәсіпорын. Тіпті шаһарда ғана емес, елімізде де бұл өндіріс ошағының алар орны ерекше. Тарихына көз жүгіртсек, негізі  2018 жылы қаланып, толықтай 2020 жылы іске қосылған. Аз ғана уақыттың ішінде алдыңғы қатарлы зауыттардың біріне айналды. Мұнда табиғи тастан  «коралл» өндіріп, шағын сәулет формасы,  модульдік плита мен  кірпіш шығарады.

 «Қазіргі таңда зауыт құрылысын бастады. Мемлекет тарапынан жарық бағамына  қолдау көрсетті»,- дейді «BESKUDUK TAS»  компаниясының директоры Бекасыл Төлендиев. 

 «Оңтүстік» индустриалды аймақта орналасқан зауыт 2017-2019 жылдары индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында жүзеге асырылған жобалардың бірі. Кәсіпорнның ішіндегі соңғы үлгілегі алып техникалардың барлығы шет елден арнайы тапсырыспен әкелінген. Өндіріс ошағының басшысы  алдағы уақытта  700 шаршы метр  өнім шығарамыз, деп жоспарлап  отыр.

Айтып өтейік, зауыттан шыққан өнімдерге әсіресе шет мемлекеттерден сұраныс жоғары.  Оның ішінде Ресей, Өзбекстан  және Сауд Арабиямен елдері бар. Бірақ әлемді жайлаған індеттің салдарынан өнімдерді экспорттауға  мүмкіндік болмай тұр.  Десе де, зауыттың жұмысы мұнымен тоқтамайды. Өйткені, табиғи тастан жасалған мәрмәрға қашан да сұраныс жоғары. Оның үстіне бағасы да қолжетімді. Бүгінде бұл өндіріс ошағығынан шыққан мәрмәртастар қаланың көркін ашуға өз септігін тигізген. Шаһардағы көпқабатты  ғимарат беттеріндегі қайталанбас туындылар дәл осы кәсіпорыннан шыққан.

Бүгінде зауытта 280 адам жұмыспен қамтылған. Қызметкерлердің айтуынша барлық жағдай жасалған. Тіпті шалғайда тұратын жұмыскерлерге зауыт басшысы арнайы жатақхана да соғып берген. Үш мезгіл тамақ, жоғары жалақы қызметкерлердің жұмысқа деген ынтасын одан сайын ашатын көрінеді. Мұнда өндірілген өнімдердің  сапасы стандартқа сай,  әрі радиация бөлмейтін,  керісінше таза экологиялық, адам ағзасына өте пайдалы тас болып саналады.


    A+
Уақыты: 2021-06-26  Айдарша: Өңір
TAG: