Шымкенттің кілеміне сұраныс жоғары

Қысқаша

Нұржамал Нышанбаева - 2014 жылдан бері осы зауытта жұмыс істеп келеді. Жалақысы мен жұмысы көңілінен шығады. Ол мұнда техника арқылы дайындалып шыққан кілемдердің сапасын тексереді.

Screenshot_14.png

Шымкенттегі «Назар Текстиль» өндіріс орнының ауқымы күннен күнге артып келеді. Кілем тоқу фабрикасында қазір тоғыз жүйе тоқтаусыз жұмыс істейді.

Бүгінде өнеркәсіп орнында кілемнің жүзден астам түрі бар. Бәсекеге қабілетті тоқыма зауыты тоқтаусыз жұмыс істеуінің арқасында мұнда кілем өндірісі қарқынды дамып келеді. Отандық өнімге деген сұраныста арта түсуде. Айтып өтейік, фабрика өнімдері сапасы жағынан әлем таныған алпауыттардың тауарынан кем емес. Өндіріс орнының кілемдері өзімізден бөлек, Қырғызстан, Тәжікстан және Ауғанстанға экспортталады. Алдағы уақытта Ресей нарығына  жол тартпақшы.

 «Назар-Текстиль» ұжымында айлық жалақыға сыйақы, жұмыс сапасы мен белсенділігіне қарай үстеме ақы да қосылады. Қызметкерлерге барлық жағдай жасалған. Таңертең және кешкі уақытта жұмысшыларды тасымалдау үшін транспорт мәселесі қаралған. Түскі ас тегін. Тынығу бөлмесі бар",- дейді «Назар Текстиль» зауытының өндіріс басшысы Келісбек Болат. 

 Нұржамал Нышанбаева  - 2014 жылдан бері осы зауытта жұмыс істеп келеді.  Жалақысы мен жұмысы көңілінен шығады. Ол мұнда техника арқылы дайындалып шыққан кілемдердің сапасын тексереді. 

Мұндағы техникалардың барлығы арнайы Бельгиядан  алынған. 3 ауысыммен жұмыс істейтін мекеме ай сайын 100 мың шаршы метр шамасында кілем тоқып шығарады. Осы орайда «жұмысшылар жаңа технологияны қалай меңгерді?» деген сұрақтың туындауы заңды. «Назар-Текстиль» тәжірибе алмасу ісін ұйымдастыруда да алдыңғы қатарда. Шетелдік фабрика жұмысын толық меңгерген маманды Қазақстанға алдыртып, жұмысшыларға техниканың басында жүріп үйрететін көрінеді.

Қазіргі таңда  Индустриялық даму бағдарламасы аясында ашылған «Назар-Текстиль» фабрикасының кілемдерін сату желісі Қазақстанның барлық облысында орналасқан. Сондай-ақ, көтерме бағамен алып-сатушылар да бар.  Екі жылдан бері кілемнің сапасына сын айтушылар болмаған.  Өйткені, сапасы сын көтереді, бағасы  да қолжетімді. 


    A+
Уақыты: 2021-06-11  Айдарша: Өңір
TAG: