Күн тәртібінде-эпидемиологиялық ахуал

Қысқаша

Күн тәртібінде-эпидемиологиялық ахуал

14.jpg


Сарыағаш ауданының әкімі Мұхит Отаршиевтың төрағалығымен аудан әкімінің орынбасарлары, аудан әкімі аппаратының қызметкерлері, ауданның дербес бөлім басшылары, қала, кент және ауылдық округ әкімдерінің қатысуымен аппараттық мәжіліс өтті. Бұл туралы Сарыағаш ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Мәжілістің күн тәртібінде 3 мәселе қаралып, баяндамалармен қатар ұсыныс пікірлер айтылды. Атап айтсақ, күн тәртібіндегі алғашқы мәселе аудандық санитариялық эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы А.Анарбаев аудандағы коронавирус инфекциясының алдын алу және оның таралуын болдырмау бойынша атқарылып жатқан жұмыстар бойынша баяндама жасады. Екінші мәселе бойынша аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары А.Мырзахметов қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша ағымдағы жылдың І-тоқсанында атқарған жұмыстары туралы хабарлама жасады. 

Күн тәртібіндегі соңғы қаралған мәселе осал топтағы азаматтарды әлеуметтік қолдау шаралары туралы ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Б.Ибрагимова баяндама жасады. 

Аудан әкiмi жиналыс қорытындысын шығара келе ауданда КВИ-дің алдын алуға қатысты мобильді топтардың жұмысын жандандыру керектігін ескертті. Ауданда жасөспірімдер арасында қылмыстардың көбейуіне байланысты аудандық полиция бөлімінің жұмысын сынға алды. Сондай ақ жиналыс кезiнде басқа да бiрқатар маңызды сұрақтар қаралып, оның шешу жолдары пысықталды.

    A+
Уақыты: 2021-04-22  Айдарша: Өңір
TAG: