Кәсіп түбі нәсіп

Қысқаша

Кездесу барысында кәсіпкерлердің күрделі мәселелері тыңдалып, оның шешу жолдары талқыланды. Сонымен қатар, кәсіпкерлікті дамыту және қолдау жөніндегі мемлекеттік бағдарламалардың талаптары мен оның тиімділігі айтылып өтті.

Screenshot_17.png

Шағын және орта кәсіпкерлік – экономиканың негізгі қозғаушы күші екені рас. Бизнес дамыған жерде табыс та,  өнім  де, жұмыс та болады. Сол себепті кәсіпкерліктің дамуына елімізде айрықша қолдаулар көрсетіліп, бағдарламалар жүзеге асырылып келеді. 

Республикалық маңызы бар Шымкент шаһарында бүгінде жеке кәсіппен айналысатын азаматтардың қатары күн санап артып келеді. Мәселен Әл-Фараби ауданы аумағында жалпы 4962 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері әрекет етеді. Олармен өткен жылы жергілікті бюджетке 4,7 млрд. теңгеге салықтық түсім түскен. Бұл жөнінде аталған ауданның кәсіпкерлерімен кездескен Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Айбек Сәттібаев айтты.

Мамандардың айтуынша өткен жылы Әл-Фараби ауданындағы 71 кәсіпкерлік нысанға 4,6 млрд. теңге жеке инвестиция тартылған. Нәтижесінде 508 адам жұмыспен қамтылып, нәпақасын тауып жүр. Ал, биылғы жылдағы жоспар бойынша аудандағы кәсіпкерлік нысандарға  17 млрд. теңге инвестиция тарту жоспарлануда.

Кездесу барысында кәсіпкерлердің күрделі мәселелері тыңдалып, оның шешу жолдары талқыланды. Сонымен қатар, кәсіпкерлікті дамыту және қолдау жөніндегі мемлекеттік бағдарламалардың талаптары мен оның тиімділігі айтылып өтті.

Атап айтқанда, «Бизнестің жол картасы – 2025», «Қарапайым заттар экономикасы», «Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамтудың және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламалары. Аталған бағдарламалар бойынша бизнес ашқысы келетін жандарға немесе кәсібін кеңейткісі келетін азаматтарға қаржылай қолдау көрсетіледі.  


    A+
Уақыты: 2021-05-29  Айдарша: Өңір
TAG: