Түркістанда үлгі етерлік тірліктер көп

Қысқаша

Түркістанда үлгі етерлік тірліктер көп

18.jpg

Парламенті Сенатының аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитеті  суармалы жерлердің көлемін ұлғайту, оны тиімді пайдалану мәселелері бойынша Түркістан қаласындағы  көшпелі отырысында ағын су проблемаларын шешу бағытындағы үлгі етерлік өзгерістер айтылды.  

 Түркістан облысында ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін ағын сумен қамтамасыз етуде де айтарлықтай жұмыстар атқарылған. Бірнеше су қоймалары мен магистралды каналдар облыстың меншігіне алынып, тиісті жөндеу жұмыстары жүргізіле бастады, «Кеңсай-Қосқорған-2» су қоймасының құрылысы аяқталды. «Түркістан» магистралды каналының 59 шақырымы күрделі жөндеуден өткізіліп, одан су алатын, бұрын иесіз, жеке меншік, аудандық меншікте болған ұзындығы 751 шақырымдық 161 канал облыстық меншікке өткізілді. Арнайы мекеме құрылып, нәтижесінде, су шығынын болдырмау үшін, алғашқы рет тариф бекітілді (1000 м.3 ағын су үшін 328,6 теңге). Аталған су нысандарын жергілікті деңгейде  тиімді пайдалану Ордабасы, Отырар, Бәйдібек, Сауран аудандары және Арыс, Кентау қаласы өңірлерінің 78,8 мың га суармалы жерлерін және Түркістан қаласын көгалдандыру жұмыстарын ағын сумен тұрақты түрде уақытылы қамтамасыз етуге мүмкіндіктер берді. 

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы  вице-министрі  Руслан Манатаев Қазақстан Республикасындағы суармалы жерлерді дамыту мәселелері, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Серік Қожаниязовтың Қазақстан Республикасының су қорын пайдалану мен оны қорғау мәселелері туралы, «Қазсушар» РМК Бас директоры міндетін атқарушы Алтай Елжасовтың республикалық меншіктегі су шаруашылығы объектілерін пайдалану және күтіп-ұстау, суармалы су берудің ағымдағы жағдайы, Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ұлан Тәжібаевтың Түркістан облысында суармалы жерлерді дамыту перспективалары мен мәселелері туралы  ақпараттарымен таныстырды. 

Айта кетері, халыққа арнаған былтырғы Жолдауында президент қасым-Жомарт Тоқаев суландыру жүйесіне заманауи технологияларды қолдану, заңнамаларды жетілдіріді тапсырған болатын. 


    A+
Уақыты: 2021-05-22  Айдарша: Өңір
TAG: