Кәсіпкерлік мәселелер бойынша өңірлік жобалық кеңсенің кезекті отырысы Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы алаңында өтті. Отырысқа Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы директоры Тимур Нақыпбеков, кәсіпкерлік және сауда басқармасы басшысының Нұрбахыт Насырұлы және тиісті басқарма өкілдері, екінші деңгейлі банк және микроқаржы ұйымдары қатысты. Аудан, қала басшылығы мен кәсіпкерлер шараға онлайн қосылды.
Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы директоры кәсіпкерлердің аудандардағы мониторингтік топтардың жұмысына, қарыздардың сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау және кепілдендіру құралдарын іске асыру бойынша проблемалық мәселелерге тап болғандығын жеткізді.
Бүгінгі таңда облыс бойынша 42,3 млрд.теңгенің 314 жобасы мақұлданған. Яғни, қаржыландырылған жобалар саны бойынша ең жоғары көрсеткіш Түркістан облысына тиесілі. Қазіргі уақытта 1 745 кәсіпорын паспортизациялаудан өтті, бұл 47,6% - ды құрайды.
Облыстық кәсіпкерлер палатасы паспортизациялауды әрі қарай жалғастыратын болады. Өзекті мәселелерді шешу үшін жауапты тұлғаларды анықтап, нақты шараларды әзірлеуге жіберу жоспарлануда. Қазіргі уақытта 404 кәсіпорын жабдықтарды жаңартуға және өз қызметін кеңейтуге қаржы қаражатын талап етеді. Осы жобалардың тізімі кірістер, кепілдіктердің болуы, несие тарихы бойынша, қаржы ұйымдарының бағдарламасына сәйкес келетін жобаларды іріктеу үшін ӨКП филиалдарына жіберілді.
Айта кетері, былтыр халыққа арнаған Жолдауында президент Қасым-Жомарт Тоқаев:
- Шағын және орта бизнестің жалпы іш¬кі өнімдегі үлесі 2025 жылға қарай 35 пайызға дейін, ал жұмыспен қамтыл¬ған¬дардың саны 4 миллион адамға дейін көбеюі керек. Бұл осы саланы дамы¬туға бағытталған жұмыстардың басты нәтижесі болмақ,-деген болатын.