Түркістанда бесінші үшем дүниеге келді

Қысқаша

Түркістанда бесінші үшем дүниеге келді

3.jpg

Елбасы Н.Назарбаев «Қазақстан 2050» Стратегиясында ана мен баланы қорғау, сондай-ақ, отбасы және неке саласында заңнаманы түбегейлі қайта қарауды, ана мен балаға қарсы бағытталған қылмыс үшін, сондай-ақ,осы саладағы ең ұсақ деген заңбұзушылықтар үшін жазаны күшейтуді, туу мен көп балалы болуды ынталандыру жүйесін реформалауды – жеңілдетілген салық, медициналық және әлеуметтік қызмет, еңбек нарығында жаңа мүмкіндіктер беру және сол сияқты материалдық және материалдық емес ынталандыруларды қамтитын шаралар кешенін әзірлеуді тапсырғаны белгілі. Елімізде ана мен баланы қорғауға қатысты жасалып жатқан шаралар нәтижесін беріп келеді.  

Жуырда Түркістан облысы, Түлкібас ауданында үшем дүниеге келді. 37 жастағы Назипа Янгибаева № 1 Облыстық перениталдық орталығында екі қыз бен бір ұл босанды. Жаңа туған нәрестелерге Әдемі, Ислам, Самира есімдері берілді. Мерзімінен ерте туылған үшемдер перениталдық орталық дәрігерлерінің бақылауына алынған. Бүгінде медицина қызметкерлерінің көмегімен сәбилер салмақ қосып, денсаулық жағдайы жақсаруда. Әзірге үшемдердің қашан шығатыны белгісіз.

Айта кетсек, үшем дүниеге келген отбасының бір ұл мен екі қызы бар. Көпбалалы ана үй шаруасында отырған әйел. Ал, отағасы көлік жүргізушісі болып жұмыс істейді.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабаралуынша, былтыр № 1 облыстық перениталдық орталығында 8746 сәби дүниге келді. Жыл басынан бері 3108 нәресте туылған. Оның 72 егіздер болса, екеуі үшем. Орталық дәрігерлері әр жыл сайын жүздеген шала туған нәрестелердің өмірін сақтап қалуда.


    A+
Уақыты: 2021-05-26  Айдарша: Өңір
TAG: