Баскетбол ойынының жеңімпаздары анықталды

Қысқаша

1 наурызда басталған додаға қатысуға 140 білім ұйымынан 536 командадан өтініш келіп түскен. Ойындарды үйлестіру үшін 420 жаттықтырушы жұмылдырылған. Ал, баскетбол ойынына 36 топ қатысып, оның 16-сы ширек финалға жолдама алды. Тартысты ойын нәтижесінде №28

Screenshot_6.png

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үнемі өз Жолдауларында бұқаралық спортқа ерекше көңіл бөлу керектігін үнемі айтып келеді.

Мәселен, Мемлекет басшысы өткен жылғы Қазақстан халқына Жолдауында: «Халықтың денсаулығын жақсарту мәселесі айрықша назар аударуды талап етеді. Барлық жастағы ел азаматтары арасында бұқаралық спортты дамыту маңызды. Спорт инфрақұрылымдарының балалар үшін барынша қолжетімді болуын қамтамасыз ету керек. Бұқаралық дене шынықтыруды өркендету ісі жаңа чемпиондар шыңына шығатын пирамидаға айналуы тиіс. Бұл салауатты әрі белсенді жастардың, түптеп келгенде, қуатты ұлттың негізін қалыптастырады», деп атап өткен еді.

Президенттің бұл тапсырмасын негізге ала отырып Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен алғаш рет Шымкент жастар лигасы ұйымдастырылған болатын. Оқушылар арасындағы олимпиада спорттың 4 түрінен бақ сынасуда. Бүгінде баскетболдан өткен байрақты бәсеке өз мәресіне жетті.

1 наурызда басталған додаға қатысуға 140 білім ұйымынан 536 командадан өтініш келіп түскен. Ойындарды үйлестіру үшін 420 жаттықтырушы жұмылдырылған. Ал, баскетбол ойынына 36 топ қатысып, оның 16-сы ширек финалға жолдама алды. Тартысты ойын нәтижесінде №28-41 мектептер 3 орынға таласса, 8-9 мектептер жеңіс тұғырын сарапқа салады.

«Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында ұйымдастырылған «Шымкент жастар лигасы» мәреге жетуге жақын. Жобаға қатысушы командалар футбол, волейбол, баскетбол, шахмат ойындары бойынша қатысуда. Ең мықты командаларға сәттілік тілеймін!-деді шараға қатысқан қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан.

Шымкент жастар лигасы жобасына қатысушыларын ынталандыру мақсатында 80 млн. теңге қаралған. Әр бағыттың жеңімпаздарына 20 млн. теңге көлемінде қаражат қаралған. Баскетболдан өзгелерден оқ бойы оза шыққан №8-9 мектеп-лицейі 1 орын үшін бақ сынасты. Үздік командалар қызықты ойын өрнегін көрсетіп, 30-31 есебімен 9 мектептің мерейі үстем түсті. Жеңімпаз команда 20 млн. теңгеге иен болды.

Шымкент жастар лигасы 2 кезеңде ұйымдастырылады. Алғашында мектеп оқушылары арасында өтіп, 1 маусым күні марапаттау салтанатын жүргізіледі. Ал, екінші кезеңін қыркүйек –қазан айларында жоғары және орта арнаулы оқу орындары арасында ұйымдастырылады деп жоспарлануда.

 


    A+
Уақыты: 2021-05-24  Айдарша: Өңір
TAG: