Тіл шеберлері анықталды

Қысқаша

Үздіктерді анықтайтын сайыс биыл өзгеше өтті. Карантин талаптарына сәйкес қатысушылар онлайн түрде бақ сынасты. Сайыс шарты бойынша ұлтымыздың ұлы тұлғалары мен әсем жерлері қазақ, орыс және ағылшынша баяндалуы керек. Сондай-ақ, мәтінді аудару және эссе ж

Screenshot_16.png

Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында Шымкентте тілдерді оқыту-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен мемлекеттік қызметшілер арасында «Тіл шебері - 2021» атты байқау өтті. Шеберлік сайысына 21-35 жас аралығындағы үш тілді жетік меңгерген түрлі сала мамандары қатысты.

Үздіктерді анықтайтын сайыс биыл өзгеше өтті. Карантин талаптарына сәйкес қатысушылар онлайн түрде бақ сынасты. Сайыс шарты бойынша ұлтымыздың ұлы тұлғалары мен әсем жерлері қазақ, орыс және ағылшынша баяндалуы керек. Сондай-ақ, мәтінді аудару және эссе жазу сынағы болды. 

Онлайн шараға әр саладан 12 үміткер қатысты. Әр тапсырмаға 3 минут уақыт берілді. Алғашқы «Тұсаукесер» кезеңінде қатысушы презентация арқылы өзін қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде таныстырды. «Елтаным» кезеңінде қатысушылар жеребе барысында алған нөмірлеріне сәйкес қазақ елі тарихы мен ұлы тұлғалары жөніндегі сұрақтарға үш тілде жауап берді. Екінші, «Сөзтаным» бойынша экранда көрсетілген сөйлемдерді орыс және ағылшын тілдеріне жылдам әрі мүдірмей аударымасын айту талап етілді. Ал «Ойтанымда» берілген ортақ тақырып бойынша қазақ тілінде эссе жазып, шығармашылық шеберліктерін көрсетті. 

Озық шыққан жеңімпаздар қатарында Бегалы Құрбанәліұлы байқаудың бас жүлдесіне ие болса, І орынды М.Мендешова, ІІ орынды Д.Кабылбекова, Қ.Аханов, М.Абдезов, ІІІ орынды М.Көшербаев, Г.Көкенова, Д.Есенгельдиева еншіледі. Барлық сайыс қатысушылар арнайы диплом мен ынталандыру сыйлығына ие болды.


    A+
Уақыты: 2021-05-19  Айдарша: Өңір
TAG: