«Бозарық» қосалқы станциясы бітуге жақын

Қысқаша

Жобаның жалпы құны – 7,9 млрд теңгені құрайды. Қуаттылығы 160 МВт қосалқы станцияның құрылысына жауапты мердігер мекеме – «Аврора Констракшэн» ЖШС.

Screenshot_11.png

Бүгінде Шымкент қаласы тұрғындарының 95 пайызы сапалы электр қуатымен қамтамасыз етілген. Қазіргі таңда электр қуатын қажет ететін елді мекендерді жарықпен қаматамасыз ету жұмыстары жалғасуда. Бұл үшін қалада  энергетика саласын дамыту бағытындағы 220/110/10 кВ «Бозарық» қосалқы станциясы салынып жатқаны белгілі. Аталмыш станцияның бүгінде  құрылыс жұмыстары  аяқталуға таяды.

Жобаның жалпы құны – 7,9 млрд теңгені құрайды. Қуаттылығы 160 МВт қосалқы станцияның құрылысына жауапты мердігер мекеме – «Аврора Констракшэн» ЖШС.

Жақында қала әкімі Мұрат Әйтенов әлеуетті нысанның құрылыс барысын аралап көрген еді. Шаһар басшысы жауапты тұлғаларға құрылысты сапалы орындап, өз мерзімінде аяқтауды тапсырды.

Қазіргі таңда нысанның бірқатар құрал-жабдықтарын (220 кВ автотрансформатор, 220 кВ КРУЭ, 110 кВ КРУЭ) орнату жұмыстары аяқталды дейді салаға жауаптылар. Басты құрал-жабдықтары толығымын жеткізілген. Әзірге бірқатар құрылыс-монтаж жұмыстары қалған. 

Құрылыс-монтаж жұмыстарын 2016-2021 жылдары жүзеге асыру жоспарланған. Мердігер мекеме басшылары құрылысты биыл маусым айында аяқтауды жоспарлап отыр. 

Қаланың солтүстік бөлігін сапалы электр қуатымен қамту үшін коммуналдық шаруашығын жаңғырту бағдарламасы нәтижесінде  салынып жатқан станциясының құрылысы 2016 жылы басталған болатын. Нысан аяқталған жағдайда Асар-2, Тұран, Ынтымақ-2, Солтүстік саяжай, Батыс ш/а, Бозарық, Қайнарбұлақ, Шымкент сити мен Достық, Нұрсәт ш/а — барлығы 10 елдімекендегі 250 мыңға жуық абонент сапалы электр қуатымен қамтуға мүмкіндік береді.


    A+
Уақыты: 2021-05-19  Айдарша: Өңір
TAG: