Өңдеу өнеркәсібі 14,4 пайызға өсті

Қысқаша

Айта кетейік, қалада өнеркәсіп саласында 704 кәсіпорын белсенді жұмыс жасауда, оның 26 ірі және 47 орта кәсіпорындар. Онда 32 мыңнан астам адам жұмыс жасайды.

Screenshot_16.png

«Не шықса да Шымкенттен шығады» деген ел ішінде тараған сөзді жұрт жақсы жағынан ұғынуда. Ия бүгінде үшінші мегаполис республиканың ең ірі өнеркәсіптік орталықтарының біріне айналып отыр. Мамандардың дерегіне сүйенетін болсақ  шаһарда осы жылдың төрт айында 243,3 млрд. теңгенің өнімі өндіріліпті. Ал, өнеркәсіп саласында үлесі 84,4 пайызды құрайтын өңдеу өнеркәсібінің көлемі 205,4 млрд. теңгенi құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14,4 пайызға артты. Бұл көрсеткішпен қаламыз еліміз бойынша алғашқы бестікке кіріп отыр.

Қаладағы өңдеу өнеркәсібінің бірқатар салаларында өсу динамикасын байқауға болады. Мысалы, химия өнеркәсібі 2,4 есе, фармацевтика өнеркәсібі 31%-ға, жеңіл өнеркәсібі 34,1%-ға, тамақ өнеркәсібі 15%-ға, өзге металл емес минералдық өнімдерді өндіру 11%-ға және металлургия 2,2%-ға өскен. 

Жалпы Шымкент қаласының өңдеу өнеркәсібін дамыту мақсатында қала аумағынан үш индустриалды аймақ құрылуда. Олардың бірі 306 гектар жерді алып жатқан «Жұлдыз» индустриалды аймағы. Бұл аймақта құрылыс, металлургия, фармацевтика, жиһаз өнеркәсібі дамитын болады. Сонымен қатар, екі агро-индустриалды аймақ іске қосылады. Онда 28 жоба мен биологиялық қоспалары бар құнарлы құрама жем өндірісі және сүт өндіру зауыты бой көтереді.

Болашақта Шымкент қаласы өзінде және көрші облыстарда өндірілетін ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу бағытында даму көзделуде. 

Айта кетейік, қалада өнеркәсіп саласында 704 кәсіпорын белсенді жұмыс жасауда, оның 26 ірі және 47 орта кәсіпорындар. Онда 32 мыңнан астам адам жұмыс жасайды. 


    A+
Уақыты: 2021-05-14  Айдарша: Өңір
TAG: