Биыл шаһарда қалдық өңдеу көрсеткіші 27 пайызға жетеді

Қысқаша

Айта кетейік, аталған саябақта 406 түрлі ағаш-бұта өседі.

Screenshot_14.png

Биыл Шымкент қаласында қалдық өңдеу көрсеткіші 27 пайызға жетеді деп жоспарлануда. Бұл туралы Ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте  Шымкент қалалық Жайлы ортаны дамыту басқармасының басшысы Ахмет Татыбаев мәлімдеді. Жиынға сондай-ақ  «А.Асқаров» атындағы Шымкент мемлекеттік дендрологиялық саябағы» МКҚК-ның директоры Ғани Қарабеков те қатысты. 

Брифинг барысында спикер қатты тұрмыстық қалдықтардың мәселесіне тоқталды. 

– Шымкентте «Ақтас-1» қалдықтарды сұрыптау зауытында күнделікті 550-600 тонна қатты тұрмыстық қалдық қабылданады. Бұл нысан бүгінде жыл сайын түзілетін, кәдеге жаратылатын және өңделетін қалдықтардың көлемін арттыру мақсатында қайта өңдеу жұмыстарын қолға алуда. Мәселен, өткен жылы қаладағы қалдық өңдеу көрсеткіші 25,1 пайызды құраса, биыл оны 27 пайызға жеткізу жоспарланып отыр. Оған қоса, қатты тұрмыстық қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату мәселесі бойынша «Ақтас-1» қоқыс полигоны аумағынан 20 гектар жер телімі қарастырылуда, – деді Шымкент қалалық Жайлы ортаны дамыту басқармасының басшысы Ахмет Татыбаев. 

Осы орайда Ғани Қарабеков  «А.Асқаров» атындағы Шымкент мемлекеттік дендрологиялық саябағында» тал егуді бір жүйеге қою жұмыстары жүріп жатқанын жеткізді. Бұл өзгерістер экологиялық эксперттік мамандармен бірлесе жүзеге асып отыр.  «Қазақстан Президенті Қ. Тоқаев «Cындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында экологияны жақсарту, табиғатқа ұқыпты қарауды дамыту мәселелеріне баса назар аудару керектігін тапсырған болатын. Жолдау жүктеген міндет бойынша гендік қорын көбейту мақсатында көлемі 1,5 гектар тұқымбақ пен көлемі 0,03 гектарды құрайтын жылыжайда 108 түрлі ағаш-бұтаны тұқымынан және жасыл қаламша арқылы өсіру жұмыстары жүргізілуде»,- дейді Ғани Ажединұлы.

Айта кетейік, аталған саябақта 406 түрлі ағаш-бұта өседі.


    A+
Уақыты: 2021-05-06  Айдарша: Өңір
TAG: