Бір айда алты трансплантация отасы жасалды

Қысқаша

Айта кетейік, Шымкент қаласындағы №1 қалалық клиникалық ауруханасында 2016 жылдан бері ағза алмастыру отасы жасалып келеді. Бүгінге дейін қалада 166 бүйрек және 24 бауыр алмастыру отасы жасалған.

Screenshot_22.png

Үшінші мегаполисте соңғы жылдары медициналық туризм дамып келеді. Шымқалаға өзге өңірлерден ем іздеп келуге себеп те жоқ емес. Мұнда емханалар «ақылды» жүйеге ауысуда, ал ауруханаларда түрлі оталар жасалуда. Медицина мекемелерінің материалдық-техникалық базасы да нығайып келеді. Шымкентке шипа іздеп келуге тағы бір себеп мұнда бірнеше жылдан бері ағза ауыстыру операциялары сәтті жүргізіліп келеді. Мәселен шаһарда  соңғы бір айдың ішінде алты трансплантация отасы жасалған. Пандемия жағдайына қарамастан үшінші мегополисте ағза алмастыру отасы қарқынды дамуда. Бұл туралы Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позилов баспасөз брифингінде мәлімдеді. 

Басқарма басшысының айтуынша, Шымкент бірінші трансплантация орталығына айналмақ. 

– Шымкент қаласындағы №1 қалалық клиникалық ауруханасында өткізілген трансплантация хирургиялық тәжірибеде үнемі қолданылып келеді. Сондай-ақ, осы жылы Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында

шетелдік әріптестерімізбен бірге туыстық бауыр трансплантациясы бойынша 2 мастер-класс өткіздік. Соңғы жылдары елімізде трансплантология дами бастады. Өздерінің жақындарына донор болған сәтті оталар осыны дәлелдейді. Болашақта Шымкент трансплантация орталығына айналады, – деді үшінші мегаполистің бас дәрігері. 

Айта кетейік, Шымкент қаласындағы №1 қалалық клиникалық ауруханасында 2016 жылдан бері ағза алмастыру отасы жасалып келеді. Бүгінге дейін қалада 166 бүйрек және 24 бауыр алмастыру отасы жасалған. 


    A+
Уақыты: 2021-04-30  Айдарша: Өңір
TAG: